«Медиадағы жаңа технология» тақырыбы талқыланды

04.04.2014, 14:00

Ағымдағы жылғы 2 сәуірде Астана қаласының «Success K» Медиа – агенттігі студиясында on-line режимінде еліміздің және жақын шетелдердің қалаларынан спикерлерді қатыстыра отырып «Медиадағы жаңа технология» тақырыбы бойынша интерактивті ток-шоу ұйымдастырылды. Онда сарапшы ретінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясының тең төрағасы Серік Нөгербеков пен «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай сөз сөйледі.

Пікір алмасуға «BNews» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Анара Базмухаметова, «Қазақстан» РТРК АҚ стратегиялық маркетинг департаменті Интернет жобалары бөлімінің бастығы Мейрамхан Жәпек, «Бизнес Мир Казахстана» журналының бас редакторы Адель Әнуарбекова, Kazak TV продюсері Наталья Буренкова қатысып отырды.

Skype бағдарламасы бойынша on-line режиміндегі жарыссөзге сонымен қатар «Каспий Банк» басқармасы төрағасының кеңесшісі Маржан Елшібаева, Digital Marketing тәуелсіз интернеттің сараптамашысы Әлімжан Бейсенбаев, ТМД елдеріндегі BBC World News өкілі Сергей Становкин және «SmarMope» басқарушы әріптесі Аршидин Тохтамов қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Оn-line конференцияның басты ұйымдастырушысы «Success K» Медиа – агенттігінің бас директоры, Бас редакторлар клубының белді мүшесі Ләззат Көккөзова негізгі модератор ретінде ток-шоуды жүргізіп отырды.

Осы жылғы 21-23 мамырда болатын VII Астана экономикалық форум аясында өткізілуі жоспарланып отырған бұл іс-шара І Халықаралық G-Global Журналистикасының Саммитіне дайындық екендігін айтқан жөн. Саммиттің басты мақсаты экономикалық сектордың, ғаламдық журналистиканың және инновациялық технологиялардың өзара қарым-қатынас орнатуларына тиімді ықпал ететін ақпараттық платформаны құру болып табылады.

Осыған орай оn-line конференцияда басты тақырыптар ретінде әлемдік дағдарыс жағдайында журналистердің рөлін көтеру, қаржы және экономика тақырыптарына маманданып жүрген журналистерді дайындау, экономикалық көрсеткіштермен жұмыс істегенде журналистердің кәсіби біліктілігін бағалау тәрізді мәселелер қаралып, олар жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, әңгіме медиа нарығының дамуының ағымдағы бағыты жайлы, ғаламдық дағдарысты және экономикалық дүрбелеңді жазып көрсеткенде жаңа технологияларды, мультимедиалық бағдарламаларды қолдану мәселелері төңірегінде өрбіді.

Ток-шоуға қатысушылар ғаламдық экономикалық дағдарыс қаржылық-экономикалық тақырыбының өзектілігін көрсетіп бергенін атап өтті. Осынау жағдайда отандық БАҚ уақыт талабы үдесінен шыға алмай, аудиторияны дер кезінде сапалы материалдармен қамтамасыз етуде шарасыздық танытқанына да назар аударылды. Мұның себебі журналистердің жаңаша жұмыс істеуге дайын еместігі деген тұжырыммен қоса, журналистердің сұрақтарына әрбір адамға түсінікті етіп жауап беретін немесе экономикада орын алған оқиғалар төңірегінде нақты түсініктемелер ұсынатын сарапшылар мен экономистердің жоқтығы айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымдардың БАҚ-пен тиісті қарым-қатынас орнықтыра алмағаны да қол байлау болғандығы атап өтілді. Осы ретте, Сенатор С.Нөгербеков инфо-коммуникативті алаң ретінде G-Global порталын пайдалануды ұсынды, «Success K» Медиа – агенттігінің жанынан Журналистер клубын ашу туралы идеяны қолдайтынын айта келе бұл бағытта БАҚ-ты іскерлік байланысқа шақырды. Сондай-ақ ол сандардан, түрлі есеп-қисаптан тұратын экономикалық ақпараттың өзіндік ерекшелігіне байланысты БАҚ-та инфографиканың болуы міндетті және осы ретте медиа нарығының болашағы компьютерлік инфографикаларға, 3D технологияларға, мультимедиалық бағдарламаларға тікелей қатысты деген ойын жеткізді..

Өз кезегінде Бас редакторлар клубының жетекшісі К.Жолдыбай мұндай ақпараттарды бірден қабылдау әрі түйсіну қиынға соғатынын атап өтті. Осы орайда дәстүрлі БАҚ өзінің тақырыпты сараптамалық тұрғыдан терең қаузай отырып ашатынымен ерекшеленетінін ескерген жөн дей келе, К.Жолдыбай медиада жаңа технологияларды қолдануға қарсы еместігін, тек бұл ресурстар бір бірлерін бекерге шығармай, керісінше өзара толықтырылулары керектігін қалайтынына назар аударды. Ол салалық журналистерді жүйелі дайындау үшін осы бағытта жұмыс істейтін еліміздегі 26 жоғары оқу орындарымен ұлттық компаниялар келісім-шартқа отыруы қажет деп есептейді. Салалық журналистерді дайындаудың маңыздылығын Маржан Елшібаева да қолдай келе, масс-медиа қызметкерлерін экономикалық мәселелерге оқытып үйрету үшін арнайы мектеп ашуды ұсынды әрі бұл ұсыныс қатысушылардың басым дауысына ие болды.

Жалпы, қазіргі заманғы журналистиканың экономика тақырыбына тым  бойлай бермейтіні мәлімделді. Осыған байланысты, тек ақпараттармен ғана шектелмей, көпшілік қауымға мейлінше түсінікті түрде жеткізуге қабілетті салалық журналистерге сұраныстың басым екендігі айтылды. Бұл тұрғыда ақпараттың дұрыс берілу тәсілін меңгеру қажеттілігі оn-line конференция барысында анық аңғарылды. Ток-шоуға қатысушылар Халықаралық G-Global Журналистикасы Саммиті жаңа технологиялармен алмасуға, тәжірибелермен бөлісуге, табысты жобалармен танысуға оңтайлы мүмкіндіктер береді деген сенімдерін білдірді.        

 

  • Tweet

Пікірлер (6)

  • qTwQpN mwrkhflryaku, [url=http://btlmqsaiddpr.com/]btlmqsaiddpr[/url], [link=http://ejzyscmonpqs.com/]ejzyscmonpqs[/link], http://abzyrewcfxai.com/

  • I feel so much happier now I untdnseard all this. Thanks!

  • The voice of rayanoilitt! Good to hear from you.

  • Which came first, the problem or the sotoilun? Luckily it doesn't matter. http://xsrcfb.com [url=http://uyhbtcd.com]uyhbtcd[/url] [link=http://rzvfqdeh.com]rzvfqdeh[/link]

  • Ah, i see. Well tha'ts not too tricky at all!"

  • I thank you humbly for shirnag your wisdom JJWY http://dcuxitjdgwj.com [url=http://iucvdo.com]iucvdo[/url] [link=http://lcsirl.com]lcsirl[/link]