Бас редакторлар клубының 2014 жылғы 31 наурыз – 6 сәуір аралығында болған жаңалықтары

07.04.2014, 10:00

Құттықтаймыз!


«Қазақ» газеті және «Айқап» журналының бас редакторы Қ.Сәрсекеевке.

 

Құрметті Қоғабай аға!

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі ыстық ықыласпен әрі шын жүректен Сізді 75 жылдық тамаша мерейтойыңызбен құттықтайды!

Бүгінгідей салтанатты күні журналистік саладағы ерен еңбегіңіз үшін Сізге басымызды ие отырып үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздің тікелей күш-жігеріңіздің арқасында бір ғасырдан соң «Қазақ» және «Айқап» басылымдары өмірге қайта оралды. Ең бастысы, өткен ғасырдың басында бұл басылымдардың көтерген мәңгі ұлт болу идеясы қазір нақты іске бастады. Біз Сіздің басшылығыңызбен бүгінгі күні «Қазақ» және «Айқап» басылымдары Елбасы белгілеп берген Ұлттық идея – «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру бағытында аянбай еңбек етіп жатқанына зор ризашылығымызды білдіреміз.

Сізді зор денсаулық, жаныңызға жайлылық, ұзақ жылдық таусылмас шығармашылық табыс тілейміз!     

 

«Медиадағы жаңа технология» тақырыбы талқыланды.

Ағымдағы жылғы 2 сәуірде Астана қаласының «Success K» Медиа – агенттігі студиясында on-line режимінде еліміздің және жақын шетелдердің қалаларынан спикерлерді қатыстыра отырып «Медиадағы жаңа технология» тақырыбы бойынша интерактивті ток-шоу ұйымдастырылды. Онда сарапшы ретінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясының тең төрағасы Серік Нөгербеков пен «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай сөз сөйледі.

Пікір алмасуға «BNews» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Анара Базмухаметова, «Қазақстан» РТРК АҚ стратегиялық маркетинг департаменті Интернет жобалары бөлімінің бастығы Мейрамхан Жәпек, «Бизнес Мир Казахстана» журналының бас редакторы Адель Әнуарбекова, Kazak TV продюсері Наталья Буренкова қатысып отырды.

Skype бағдарламасы бойынша on-line режиміндегі жарыссөзге сонымен қатар «Каспий Банк» басқармасы төрағасының кеңесшісі Маржан Елшібаева, Digital Marketing тәуелсіз интернеттің сараптамашысы Әлімжан Бейсенбаев, ТМД елдеріндегі BBC World News өкілі Сергей Становкин және «SmarMope» басқарушы әріптесі Аршидин Тохтамов қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Оn-line конференцияның басты ұйымдастырушысы «Success K» Медиа – агенттігінің бас директоры, Бас редакторлар клубының белді мүшесі Ләззат Көккөзова негізгі модератор ретінде ток-шоуды жүргізіп отырды.

Осы жылғы 21-23 мамырда болатын VII Астана экономикалық форум аясында өткізілуі жоспарланып отырған бұл іс-шара І Халықаралық G-Global Журналистикасының Саммитіне дайындық екендігін айтқан жөн. Саммиттің басты мақсаты экономикалық сектордың, ғаламдық журналистиканың және инновациялық технологиялардың өзара қарым-қатынас орнатуларына тиімді ықпал ететін ақпараттық платформаны құру болып табылады.

Осыған орай оn-line конференцияда басты тақырыптар ретінде әлемдік дағдарыс жағдайында журналистердің рөлін көтеру, қаржы және экономика тақырыптарына маманданып жүрген журналистерді дайындау, экономикалық көрсеткіштермен жұмыс істегенде журналистердің кәсіби біліктілігін бағалау тәрізді мәселелер қаралып, олар жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, әңгіме медиа нарығының дамуының ағымдағы бағыты жайлы, ғаламдық дағдарысты және экономикалық дүрбелеңді жазып көрсеткенде жаңа технологияларды, мультимедиалық бағдарламаларды қолдану мәселелері төңірегінде өрбіді.

Ток-шоуға қатысушылар ғаламдық экономикалық дағдарыс қаржылық-экономикалық тақырыбының өзектілігін көрсетіп бергенін атап өтті. Осынау жағдайда отандық БАҚ уақыт талабы үдесінен шыға алмай, аудиторияны дер кезінде сапалы материалдармен қамтамасыз етуде шарасыздық танытқанына да назар аударылды. Мұның себебі журналистердің жаңаша жұмыс істеуге дайын еместігі деген тұжырыммен қоса, журналистердің сұрақтарына әрбір адамға түсінікті етіп жауап беретін немесе экономикада орын алған оқиғалар төңірегінде нақты түсініктемелер ұсынатын сарапшылар мен экономистердің жоқтығы айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымдардың БАҚ-пен тиісті қарым-қатынас орнықтыра алмағаны да қол байлау болғандығы атап өтілді. Осы ретте, Сенатор С.Нөгербеков инфо-коммуникативті алаң ретінде G-Global порталын пайдалануды ұсынды, «Success K» Медиа – агенттігінің жанынан Журналистер клубын ашу туралы идеяны қолдайтынын айта келе бұл бағытта БАҚ-ты іскерлік байланысқа шақырды. Сондай-ақ ол сандардан, түрлі есеп-қисаптан тұратын экономикалық ақпараттың өзіндік ерекшелігіне байланысты БАҚ-та инфографиканың болуы міндетті және осы ретте медиа нарығының болашағы компьютерлік инфографикаларға, 3D технологияларға, мультимедиалық бағдарламаларға тікелей қатысты деген ойын жеткізді..

Өз кезегінде Бас редакторлар клубының жетекшісі К.Жолдыбай мұндай ақпараттарды бірден қабылдау әрі түйсіну қиынға соғатынын атап өтті. Осы орайда дәстүрлі БАҚ өзінің тақырыпты сараптамалық тұрғыдан терең қаузай отырып ашатынымен ерекшеленетінін ескерген жөн дей келе, К.Жолдыбай медиада жаңа технологияларды қолдануға қарсы еместігін, тек бұл ресурстар бір бірлерін бекерге шығармай, керісінше өзара толықтырылулары керектігін қалайтынына назар аударды. Ол салалық журналистерді жүйелі дайындау үшін осы бағытта жұмыс істейтін еліміздегі 26 жоғары оқу орындарымен ұлттық компаниялар келісім-шартқа отыруы қажет деп есептейді. Салалық журналистерді дайындаудың маңыздылығын Маржан Елшібаева да қолдай келе, масс-медиа қызметкерлерін экономикалық мәселелерге оқытып үйрету үшін арнайы мектеп ашуды ұсынды әрі бұл ұсыныс қатысушылардың басым дауысына ие болды.

Жалпы, қазіргі заманғы журналистиканың экономика тақырыбына тым  бойлай бермейтіні мәлімделді. Осыған байланысты, тек ақпараттармен ғана шектелмей, көпшілік қауымға мейлінше түсінікті түрде жеткізуге қабілетті салалық журналистерге сұраныстың басым екендігі айтылды. Бұл тұрғыда ақпараттың дұрыс берілу тәсілін меңгеру қажеттілігі оn-line конференция барысында анық аңғарылды. Ток-шоуға қатысушылар Халықаралық G-Global Журналистикасы Саммиті жаңа технологиялармен алмасуға, тәжірибелермен бөлісуге, табысты жобалармен танысуға оңтайлы мүмкіндіктер береді деген сенімдерін білдірді.           

 

«Бас редакторлар клубы» ҚБ басқармасы отырысының

№ 11 ХАТТАМАСЫ

 

Астана қаласы                                                                                                                                         31 наурыз 2014 жыл

 

Өткізілген жері: ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы.

Қатысқандар:

1) К.Жолдыбай, Бас редакторлар клубының президенті

2) Б. Жексенбай, Бас редакторлар клубының вице-президенті

3) В. Салахов, Бас редакторлар клубының вице-президенті

4) М. Тоқтағазин, Бас редакторлар клубының вице-президенті

5) Т. Чернега, Бас редакторлар клубының тексеру комиссиясы төрағасы

6) Ә. Есілбаева, Бас редакторлар клубының атқарушы директоры

 

Қатыспағандар:

Ш. Сыздықова, Бас редакторлар клубының вице-президенті – еңбек демалысында.

Қ. Жанаханов, Бас редакторлар клубының вице-президенті – еңбек демалысында.

 

Шақырылғандар:

Е. Алауханов - «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» журналының бас редакторы.

 

Күн тәртібі:

1. Клубтың Есеп беру – сайлау конференциясына дайындығы жайлы

2. Бас редакторлар клубының ағымдағы жұмысы туралы

3. Түрлі мәселелер

 

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша атқарушы директор Әсем Есілбаеваның есебі тыңдалды. Ол ақпараттық үлестірме материалдар ретінде дайындалған слайд пен Клубтың 2013-2014 жылдары атқарған жұмыстарын қамтитын жинақтың электронды нұсқасымен таныстырды. Талқылаудан соң оған бірқатар толықтырулар енгізіліп, соңғы үлгісін дайындау тапсырылды. Сонымен бірге Клуб мүшелерінің құрамының тізімі қаралды. Ә.Есілбаеваның ақпараты бойынша 110 адам Клубтың нақты мүшелері болып табылады. Өз еріктерімен, сондай-ақ жарғылық талаптарды орындамағандықтан қоғамдық бірлестіктен 31 адам шығарылса, 107 адам ассоциация мүшелері ретінде Клубтың аймақтық филиалдарына ауыстырылды.

Сонымен қатар Есеп беру – сайлау конференциясын өткізудің уақыты талқыланды. Ағымдағы жылғы 24-25 сәуір күндері Еуразиялық медиа форум өтуіне байланысты Бас редакторлар клубының Конференциясын 2014 жылғы 24 сәуірден жылжытып, оны 15 мамырда өткізу туралы шешім қабылданды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша соңғы Басқарма отырысынан кейінгі Клуб тарапынан атқарылған іс–шаралармен әдеттегідей К.Жолдыбай таныстырды. Өзінің 1-ші наурызда XXIV аймақтық «Ұлытау үні» фестивалін ұйымдастырушыларының арнайы шақыруымен Қарағанды облысының Жезқазған қаласында болып, ақын, «Бас редакторлар клубы» ҚБ Жезқазған аймақтық филиалының төрағасы Базарбай Әлеуханұлының «Қолымда менің қалам бар» атты шығармашылық кешіне қатысқанын айтты. Бас редакторлар клубының жекелеген мүшелерінің Астанада Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің бірқатар қызметкерлерімен кездесуі болып өтті. «Бас редакторлар клубы» ҚБ жанындағы Жас журналистер мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес «Туран Times» халықаралық саяси-қоғамдық газеті бас редакторы, Клубтың вице-президенті В.Салахов Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің болашақ журналистерімен шеберлік сыныбын өткізді. Клуб президенті К.Жолдыбай Астанада өткен Интернетті террорлық мақсатқа пайдалануға жол бермеу мәселесі бойынша ұлттық семинарға, сондай-ақ Дін және мемлекеттік-конфессиялық қатынас мәселелері бойынша маманданып жүрген журналистерге арналған семинарға қатысып, сөз сөйледі. Клубтың вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин Халықаралық ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі - академигі болып сайланды.

Түрлі мәселеде Астанада өңірлік телестудиялар өкілдерінің, Парламент депутаттары және Қазақтелеком басшылығының қатысуымен аймақтардағы электронды БАҚ-тың дамуы мәселелерін талқылау мақсатында Дөңгелек үстел өткізу туралы Бас редакторлар клубының Семей қалалық филиалының өтініші қаралды және бұл тұрғыда атқарушы директор Ә.Есілбаеваға нақты жұмыстарды атқару тапсырылды.

           

ШЕШІМ:

 1. «Бас редакторлар клубы» ҚБ Есеп беру – сайлау конференциясын өткізу үстіміздегі жылғы 15 мамырға белгіленсін.

2. Конференцияның үлестірме материалдарының таныстырылымы қаперге алынып, Клуб мүшелерінің жаңа құрамының толық тізімі бекітілсін.

3. Клуб президент К. Жолдыбайдың есебі қаперге алынсын.

4. Атқарушы директор Ә.Есілбаева аймақтардағы электронды БАҚ-тың дамуы мәселелерін талқылау мақсатында 2014 жылғы мамырда Дөңгелек үстел өткізуге қатысты қажетті шараларды қарастырсын.

 

         Модератор                                              К. Жолдыбай

         Хатшы                                                     Ә. Есілбаева

  • Tweet

Пікірлер (6)

  • R1HAvT umdecxgrsaxn, [url=http://jdfkmfhvlynu.com/]jdfkmfhvlynu[/url], [link=http://koznvmbavnpv.com/]koznvmbavnpv[/link], http://afvlyaydgtvd.com/

  • Love P3 Kurt!Thank you for taking the time and effort to put this out for the community. This tool is very well designed and can quickly highlight issues with WordPress site load times. A really intuitive visual interface makes this tool simple enough for anyone to use and understand the results. I love to see GoDaddy paiatciptirng in the community and providing such a needed resource.

  • Most help articles on the web are inaccurate or inhteercno. Not this!

  • Please keep thoinrwg these posts up they help tons. http://pkyxjxcx.com [url=http://ikkcyppmhvi.com]ikkcyppmhvi[/url] [link=http://cpndwrfdpf.com]cpndwrfdpf[/link]

  • Me dull. You smart. That's just what I neddee.

  • Pleasing you should think of sohemting like that http://lvdfrcxtzcu.com [url=http://pmaagg.com]pmaagg[/url] [link=http://xqkfxuodwz.com]xqkfxuodwz[/link]