Бас редакторлар клубының 2014 жылғы 21 – 27 сәуір аралығында болған жаңалықтары

28.04.2014, 10:00

Құттықтаймыз!


«BusinessCreativeFMA» ЖШС бас редакторы М.Қ.Акишевке.

Құрметті Мұхамбедия Қоянбайұлы!

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі игі ниетпен Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды және барлық жақсылықтарды тілейді!

Тікелей Сіздің бастамаңызбен және басшылығыңызбен іске асырылып жатқан телевизиялық жобалардың қоғамның жаңа экономикалық мәдениетін қалыптастыруға қосып жатқан үлесі айтарлықтай. Сондай-ақ, олардың біздің экономикамызды аймақтық және ғаламдық экономикалық жүйелерге сіңіруді тереңдету арқылы Қазақстанды әлемнің ТОП-30 ең үздік мемлекеттерінің қатарына енгізуге мүмкіндік беретінін де атап өткен жөн.

Денсаулығыңыз мықты болып, жаңа озық та үлгілі бастамаларыңыз көбейіп, шығармашылық асуларыңыз биіктей берсін, отбасылық бақыт пен берекеңіз таусылмасын!     

 

Құрметті әріптестер! Қадірлі достар!

Бұрын хабарлағанымыздай, 2014 жылдың 20-23 мамыр аралығында өтетін VII Астана экономикалық форумы аясында Қазақстанда тұңғыш рет  Халықаралық «G-Global» журналистикасы саммиті болады. Шара Қазақстан Үкіметі, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы»  Қауымдастығы, «G-Global» коммуникативтік платформасы, «Success K» Медиа агенттігі тарапынан  ұйымдастырылып отыр.

Ашық диалог алаңында экономика, қаржы тақырыптарына бағытталған заманауи журналистикадағы өзекті мәселелер талқыланып, маңызды трендтер мен дағдарысқа қарсы ақпараттық саясат ағындары жайлы пікірталастар өткізу жоспарлануда.  

Халықаралық журналистика саммитінің маңызды шараларының бірі - әлемдік журналистикаға қосқан үлесі үшін «Экономикалық мәселелерді насихаттаудағы жаңа медиа-технологиялар мен инновациялық құралдар»  атты «G-Global» сыйлығы  болмақшы.

Байқауға шетелдік және отандық медиа-холдингтер, бірлестіктер, медиа-технология әзірлеушілер, IT-компаниялар өкілдері және тәуелсіз журналистер қатыса алады. Байқау қорытындысы бойынша жаңа технологиялар, құралдар мен бағдарламалар арқылы экономикалық ақпаратты ерекше тарата білген, әлемдік қоғамдастықтағы экономикалық мәселелерді аудитория оңай қабылдай алатындай етіп жеткізіп, олардың қызығушылығын тудыра алатын ең үздік журналистік жоба анықталады. Жеңімпаз VII Астана экономикалық форумы аясында өткізілетін марапаттау кешінде  көлемі 15 000 АҚШ долларын құрайтын сыйақымен марапатталады.

Сондай-ақ, жаһандық журналистика саласында ақпаратпен алмасып, соңғы технологияларды көрсету үшін саммит аясында Халықаралық «Шексіз ақпарат» медиа-көрмесі (IMX) ұйымдастырылады. Аталмыш көрмеде БАҚ жетістіктері, заманауи TV - қондырғылар келушілерге жол тартатын болады.

Сіздерді осынау маңызды шараға қатысуларыңызды өтінеміз және бұл ерекше оқиғаға кең көлемде ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Халықаралық G-Global журналистикасы саммитінің нақты Ережесімен www.g-globalmediasummit.org ресми сайтында танысуға болады.

Қосымша ақпаратты «SuccessK»Медиа агенттігінің БАҚ-пен байланыс менеджері Әсел Мансұровадан мына байланыс көздері арқылы алуға болады:

немесе www.media-agency.kz және +7 7172 24 14 30

 

Астанада ХІІ Еуразия медиа-форумы өтті.

2014 жылғы 24-25 сәуірде Астана қаласының Тәуелсіздік Сарайында ХІІ Еуразия медиа-форумы өтті. Мемлекет басшысының осы медиа-форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков оқып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде осынау 12 жыл ішінде аталмыш форум халықаралық деңгейде кең көлемде танылып, жедел өзгерісті әлемнің өзекті мәселелерін талқылау үшін мейлінше қажетті әрі мойындалған алаң болып табылатынына назар аударды. Президент елдер мен құрлықтар арасында мол сенімділік ахуалын қалыптастыруда, ұлтаралық бейбітшілік және келісімді сақтауда Еуразия медиа-форумының ерекше рөлі мен миссиясын атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы форум шеңберінде өтетін салиқалы пікір алмасулар сайып келгенде өзара түсіністік пен сенімді одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретініне кәміл сенетінін жеткізді.

Өз кезегінде, Еуразия медиа-форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева қазіргі заманғы көптеген кикілжіңдердің орын алуы және олардың шиеленісуі өзара тіл табыса алмағандықтарынан әрі оған дайын еместігінен туындайтынын еске салды. Сондықтан, Д.Назарбаеваның ойынша қаншалықты қарама-қайшылық орын алса да өзара пікір алмасуды, сенімділік пен түсіністікті дамыта беру қажет.

Бұл ретте, екі күн бойы әлемнің 46 елінен келген жетекші халықаралық саясаткерлер, сараптамашылар, қоғам қайраткерлері, ғылыми қызметкерлер, БАҚ өкілдері ашық алаңда қызуқанды пікір алмасқандарын атап өткен жөн. Спикерлер арасында есімдерді әлемге әйгілі Израильдің экс-премьері Эхуд Барак, АҚШ Конгресі өкілеттілік Палатасының экс-спикері Ньют Грингич, Канаданың Ресей Федерациясындағы бұрынғы елшісі Джереми Кинсман, журналист Владимир Познер, Индия мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі басшысының бұрынғы орынбасары Раджив Сикри, НАТО Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Алессандро Минуто-Риццо, ТМД елдері институтының директоры Константин Затулин тәрізді тұлғалар болды.

Еуразия медиа-форумының басты жүргізушісі болып әдеттегідей әйгілі тележүргізуші және продюсер Риз Хан тағайындалды. Ол қатысушыларды құттықтай отырып Еуразия медиа-форумын бозбалалық шаққа аяқ басқан жасөспірімге теңеп, осы тұста балалардың ересектерге өздерінің алғашқы бүкпесіз қатаң сұрақтарын қоятындарын ескертті.

Расында, Форум жұмысы барысында мұндай сұрақтар аз болған жоқ. Олардың ішінде жаңа әлемдік тәртіп, Украина дағдарысы, Иранның ядролық бағдарламасы, еуразиялық интеграция, таяушығыс түйіні сияқты мәселелерді бөліп айтуға болады. Мұның сыртында, біздің өмірдегі көзқарастарымызды, өзара қарым-қатынасымыздың тәсілдерін түбегейлі өзгерткен әлеуметтік желілер рөлі мен виртуалды кеңістікті дамыту мейлінше қызу талқыланған тақырып болды.

Бұл мәселелер төңірегінде халықаралық спикерлермен қатар отандық сарапшылар, саясаттанушылар, қоғамдық пікір қалыптастыратын тұлғалар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері де өз пікірлерімен бөлісті. Мәселен, Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай Қазақ радиосы мен Оңтүстік Қазақстан облысының «Айғақ» аймақтық теледидарына берген сұхбатында әрқашан Еуразия медиа-форумының бір бірлерін төзе қоймайтын адамдарды бір үстелдің басына отырғызып әңгімелесуге барынша жағдай жасайтынын, сөйтіп уақыт сынынан өткен аса сенімді келіссөз бен өзара сұхбат алаңы екендігіне ерекше тоқталды. Оның пікірінше, Форум еліміздің экономикасын күрт дамытуға септігі мол шетелдік инвестицияларды тартуға толық жол ашады. Ол сондай-ақ бүгіндері әлем ақпараттық тұрғыдан тығыз байланысты екенін және бұл мемлекет пен қоғамға әрі бұқаралық ақпарат құралдарына бірдей жауапкершілік жүктейтініне назар аударды. Осыған байланысты, Клуб жетекшісі журналистердің нақты міндеті барынша шынайылықты қолдай отырып, шындыққа жақын болуға және айтатын мәселесін толықтай жеткізуге саятынын атап өтті.

Жалпы алғанда, түрлі көзқарастарына қарамастан спикерлер ең басты мәселеде, яғни қазіргі халықаралық қатынастарда өзара сыйласа білудің және ортақ тиімді шешім табуды үйрену, диалог жүргізу қажеттілігі тұрғысында бірауыздылық танытты. Бүгінгі әлемге позитивті түрде қарау, сонымен бірге егер өзіміз тек ақылға жүгініп, бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста болуға, түсіністікпен әрі сыйластықпен қарауға үйренсек кез келген қиыншылықты еңсеруге әбден болады деген оптимистік мәлімдемелер де жасалды. Басым көпшілік сондықтан аталмыш форум шеңберінде жұмысты жалғастыра беру керектігін айта отырып, келесі жылы Астана қаласында кезекті ХІІІ Еуразия медиа-форумында кездесуге уағдаласты.               

 

  • Tweet

Пікірлер (6)

  • fvh5s1 tamkortyvftq, [url=http://pzeqyrjrvohs.com/]pzeqyrjrvohs[/url], [link=http://mjnlcsbfuvys.com/]mjnlcsbfuvys[/link], http://sghcbuwsjajj.com/

  • I'm so glad that the intrenet allows free info like this!

  • I was looking evyrwehere and this popped up like nothing!

  • If my problem was a Death Star, this article is a photon tordope. http://gcrgbxrxq.com [url=http://ggebjwlsvem.com]ggebjwlsvem[/url] [link=http://mayheqtwyk.com]mayheqtwyk[/link]

  • I'm out of league here. Too much brain power on diplasy!

  • That intsihg's perfect for what I need. Thanks! http://ugpvcg.com [url=http://ygonpzxjhs.com]ygonpzxjhs[/url] [link=http://hmtbqrkfn.com]hmtbqrkfn[/link]