Аталар аманатына адалдық жайы сөз болды

13.05.2014, 15:00

2014 жылғы 12 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Ұлт қайраткерлері және отандық көсемсөз» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Оның мақсаты «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мен «Мәңгілік Ел» мұраты аясында Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Хайретдин Болғанбай сынды мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ұлт қаламгерлерінің тарихи орнын әрі олардың ел дамуына, отандық көсемсөзді өркендеуге қосқан үлесін байыптау болды. Сондай-ақ, биыл осы тұлғалардың бәрінің 120 жылдық мерейтойы, ал бұл еліміз үшін маңызды меже екендігі де ескеріліп отыр.   

Іс-шараны Бас редакторлар клубы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырды. Осы ретте мұндай бірлескен ауқымды шараның екінші рет өткізіліп отырғанын және де бұл аталмыш іргелі оқу орнының басшысы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықовтың әрқашан  Бас редакторлар клубының бастамаларын ыждағаттылықпен қолдап келе жатқандықтан мүмкін болып отырғанын  атап өткен жөн.

Іс-шара «Жастар» шағын ауданында орналасқан Хан Кене сарбаздары мен Смағұл Сәдуақасұлы бейітіне зиярат етумен басталды. Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар, азаматтық қоғам институттары өкілдері, ЕҰУ оқытушылары мен студенттері, еліміздің кемел болашағы үшін аянбай күрес жүргізген көрнекті ұлт тұлғаларының бүгінгі ұрпақтары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Конференция жұмысын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті проректоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Дихан Қамзабекұлы жүргізіп отырды.

«Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай, ҚР Жазушылар одағының Астана филиалының басшысы, Сәкен Сейфуллин мұражайының директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлы және Түркиядан арнайы келген, белгілі ғалым, М.Шоқайтанушы Әбдіуақап Қара жиынға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. ЕҰУ Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев «Мемлекеттік мүдде және отандық көсемсөз бастаулары» тақырыбында кең көлемді әрі мейлінше мазмұнды шолу жасау барысында бұған дейін «Алаш көсемсөзі» кітабының 10 томдығы шығарылғаны, ал қазір «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ журналистикасы» кітабының үш томдығын дайындау қолға алынып, оның бірінші томы жарық көргендігі жөнінде конференция қонақтарын хабардар етті.

Сәкен Сейфуллин мұрасын зерттеуші, ардагер - журналист Амантай Кәкен «Сәкентану: кеше және бүгін», филология ғылымдарының докторы, профессор Серікқали Байменше «Бейімбет Майлин көсемсөзінің белгісіз беттері», филология ғылымдарының докторы, профессор Амантай Шәріп «Сұлтанбек Қожанұлы және ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси көсемсөз», филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбек «Тұрар көсемсөзінің деректік – танымдық қырлары», филология ғылымдарының докторы Жанат Әскербекқызы «Ілияс көсемсөзіндегі көркемдік негіздер», филология ғылымдарының кандидаты, «Бас редакторлар клубы» ҚБ вице-президенті Мұратбек Тоқтағазы «Сәбит Дөнентаев әлемі: зерттеу міндеттері»  тақырыптары бойынша мағыналы баяндамаларын тарту етті. Жарыссөзде сөйлеген Сұлтанбек Қожанов пен Хайретдин Болғанбайдың ұрпақтары осы іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, аталар өсиетіне адалдықтарын жеткізді әрі жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық рухани қазынаны жаңа жағдайда зерделей отырып пайдалану қажет деген тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, Мәскеу қаласындағы Коммунарлар зиратында жатқан Алаш құрбандарына арнайы ескерткіш қою мәселесін көтерді.

Шығып сөйлеген азаматтардың айтар ойы келешегі кемел, болашағы жарқын ел болуымыз үшін текті тұлғалардың ерен еңбегін бүгінгі ұрпақтың жадында жаңғыртып отыру кезек күттірмес мәселе болу керек дегенге сайды. Яғни, қоғамдық сананы ояту күн тәртібінде тұр десек, бұл тұрғыда ақпарат құралдарын тиімді пайдаланудың жолдарын іздестіру қажеттілігіне назар аударылды. Осы ретте, ғалымдар мен журналистер, көсемсөзшілер барынша тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажеттілігі баса айтылды.

Конференция жұмысын қазақтың жоғын жоқтаушы, ұлт жанашыры, Смағұл Сәдуақасұлының мүрдесін туған топырағына табыстауға мол еңбек сіңірген Дихан Қамзабекұлы қорытындылады. Ол Алаш қайраткері, «Бірлік туы» газетінің жауапты шығарушысы, тоталитаризм құрбаны Хайретдин Болғанбайдың өмір деректерін зерттеуші ретінде де жақсы танымал екенін атап өткен жөн. Д.Қамзабекұлы осы бағыттағы еңбегіне қысқаша тоқтала отырып, жиырмасыншы ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының қазақ халқының жеке мемлекет болуын көздеген мақсатының бүгін орындалғанын, ендігі жерде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеяны баянды ету жолында 20 жылдары көсемсөздегі Алаш мұратының көріністерін ерекше зерттеу қажеттігіне назар аударды. Аталмыш ғылыми-практикалық конференцияның осы бағыттағы алғашқы қадам болатынына сенім артты.

  • Tweet

Пікірлер (9)

  • I was pretty pleased to discover this site. I need to to thank you for ones time for this fantastic read!! I definitely enjoyed every bit of it and i also have you saved to fav to check out new stuff in your web site.
    Kaylee http://madisontaller.page.tl/Increase-Your-Height-Easily-With-Shoe-Lifts.htm

  • Simple read, cant get ample wish there was more like this. will like this post in facebook.
    Murray http://www.blurty.com/users/insertlifts/day/2011/02/12

  • Thanks for spending the time to discuss this, I really feel strongly about it and love reading more on this topic. If doable, as you turn into an expert, would you mind updating your weblog with more details?
    Anna http://chatlottelifts.waphall.com/Blog/__xtblog_entry/9670799-heel-lifts-and-specific-sports-performance?

  • Hello boyfriend! I can shed light on that your publishing can be impressive, outstanding created you need to include all-around most sizeable infos. Need to look alot more websites prefer that .
    Leah http://chatlottelifter.infored.mx/blog_41429_Technology-And-Shoe-Lifts.html

  • For most recent news you have to pay a quick visit world wide web and on world-wide-web I found this site as a most excellent web page for most up-to-date updates.
    Felix http://thebestshoelifts.tumblr.com/post/8726315666/playing-sports-wearing-heel-lifts

  • Very informative post.Really thank you! Much obliged.
    Ella http://lockie11.webgarden.com/sections/blog/heel-agony

  • I appreciate you sharing this blog article.Much thanks again. Awesome.
    Kennedy http://bustinza23.jigsy.com/entries/general/why-any-one-use-height-inserts

  • Good post however , I was wanting to know if you could write a litte more on this subject? I’d be very grateful if you could elaborate a little bit more. Kudos!
    Sofia http://www.blurty.com/talkpost.bml?journal=weldon34bolton&itemid=590

  • RqDsmM gvpkahirsmjf, [url=http://zfjdfxmmsnke.com/]zfjdfxmmsnke[/url], [link=http://zxrpiebsgaqa.com/]zxrpiebsgaqa[/link], http://imsuspvuzxzx.com/