«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің жылдық есеп беру-сайлау конференциясының ХАТТАМАСЫ

18.05.2014, 18:01

Астана                                                                                                                                                      15 мамыр 2014 жыл.

 

Өткізілген орны: «ҚР Ұлттық академиялық кітапхана» РММ

Шақырылғандар: «Бас редакторлар клубы» ҚБ мүшелері, Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Алтай Абибуллаев.

 

Күн тәртібі:

1. «Бас редакторлар клубы» ҚБ басқармасының 2013 жылғы 19 - сәуір мен 2014 жылғы 15 - мамыр аралығында атқарылған жұмыстарының есебі. (К.Жолдыбай)

2. 2013 жылғы 1 мамыр мен 2014 жылғы 15 мамыр аралығын қамтитын  қаржылық жылы Клуб тарапынан атқарылған қаржы-шаруашылық есебінің қорытындысына қатысты «Бас редакторлар клубы» ҚБ тексеру комиссиясы есебі. (Т.Чернега)

3. «Бас редакторлар клубы» ҚБ басқармасының жаңа құрамын және тексеру комиссиясын сайлау

 

Конференцияны аша келе «Бас редакторлар клубы» ҚБ (бұдан былай Клуб) президенті Кенжеболат Жолдыбай жиынға қатысушылардың назарына қоғамдық бірлестіктің дауыс беру құқы бар 109 мүшесінің 35-і келгенін және орынды себептермен келе алмайтындарын хабарлай отырып, өздерін бұл форумға қатысты деп есептеулерін өтінген  25 Клубтың мүшесінің хаттарын ұсынды. Ол сонымен қатар хат жолдаушылардың Клубтың жылдық есебі жәйлі ақпаратпен танысқандарын, қоғамдық бірлестіктің жұмысына оң баға беретіндерін жеткізді. Осыларды ескере отырып К.Жолдыбай конференция жұмысын бастауға кворум бар екендігін айтты әрі сол үшін дауыс берулерін сұрады. Бұл ұсыныс біршама талқыға салынған соң бірауыздан конференция өз жұмысын бастауға толық құқылы деген шешім қабылданды және оның күн тәртібі бекітілді.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Клуб президенті К.Жолдыбай есеп берді. Ол конференция қарсаңында қоғамдық бірлестік мүшелеріне түгелдей оның басқармасының атқарған жұмыстары туралы қазақ және орыс тілдеріндегі президенттің баяндамасын, атқарылған іс-шаралар келтірілген жинақты, слайдты қамтитын жылдық есептің жіберілгенін ескертті. Осыған орай К.Жолдыбай түйінді тұстарға ғана тоқталды. Нақтырақ айтқанда, ол Клубтың құрамының сапалық тұрғыдан жаңарғанын, аймақтық деңгейде жұмыстың жанданғанын тілге тиек етті. Клуб жетекшісі сондай-ақ мүдделі орындармен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын, Жарғы міндеттеріне сәйкес 80-нен астам шаралардың атқарылғанын жеткізді. Осы іс-шаралар шеңберінде  адам құқы, шығармашылық еркіндік мәселелерінің заң тұрғысынан қамтамасыз етілу жәйі көтерілді, әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды, еліміздің мәдени-рухани саласын дамытудың қарымды жолдары белгіленді және осыған қатысты мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар әзірленіп жіберілді. Клубтың жұмысы туралы республикалық және аймақтық БАҚ-та, сондай-ақ интернет - ресурстарда 350-дей түрлі жанрдағы материалдар жарық көріп, 50-ден астам телесюжеттер берілді. Сонымен бірге әр апта сайын барлық министрліктер, агенттіктер мен ұлттық компаниялар баспасөз қызметіне, қоғамдық бірлестіктің республикадағы және аймақтардағы мүшелеріне атқарылған жұмыстар жәйлі «Клуб жаңалықтары» жіберіліп отырды.

Мұнан соң 2013 жылғы 1 мамыр мен 2014 жылғы 15 мамыр аралығын қамтитын  қаржылық жылы Клуб тарапынан атқарылған қаржы-шаруашылық есебінің қорытындысына байланысты тексеру комиссиясының төрағасы Тарас Чернега баяндама жасады. Оның барысында ақшалай қаржылардың белгіленген смета және келісім шарттар шеңберінде орынымен жұмсалғаны, айлық жалақылардың штат кестесіне сай есептеліп отырғаны, іс сапар шығындарының бұйрыққа сәйкестігі, шығындарды жабу аванстық есеп арқылы жүргізілгені, бухгалтерлік есеп жүргізуде қателіктерге жол берілмей, ақшалай қаражаттың мақсатсыз жұмсалмағаны айтылды. Соңғы екі жылдың жылдық салық есебінің Салық органына толық күйінде тапсырылғанына Т.Чернега ерекше назар аударды.

Күн тәртібінің осы екі мәселесі бойынша Л.Ержанова, Г.Қаракөзова, Д.Рысмұхамедова, Қ.Әуесбай, Т.Сержанов, М.Байғабылов, М.Башимов, Л.Көккөзова, Ж.Саухат пікірсайысқа қатысты. Л.Ержанова, Г.Қаракөзова, Д.Рысмұхамедова Клуб басқармасының есепті кезеңдегі жұмысына көңілдері толмайтындарын айтты. Олардың пікірінше Басқарма өз міндетінің үдесінен шыға алмады, сол себепті Клуб өзін беделді ұйым ретінде көрсете алмады. М.Байғабылов мұндай тұжырыммен келісетінін айтып, өз кезегінде Клубтың жұмысын жаңаша ұйымдастыруға қатысты нақты ұсыныстарын білдірді. Қ.Әуесбай,  М.Башимов, Л.Көккөзовалар қоғамдық бірлестіктің жұмысында соңғы бір жылда өте үлкен жағымды өзгерістердің орын алғандығын, Клуб өзінің қызметін жоспарлы, жүйелі, мөлдірлік негізде атқаруға кіріскендігін, Басқарманың кез келген бастаманы қолдап қана қоймай, оны бірлесе отырып іске асыруға ден қоятындарын, сондықтан Клуб мүшелерінің Жарғыдағы міндеттерін мүлтіксіз орындау керектігін баса айтты. Сондай-ақ, Л.Көккөзова мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Клубты қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігіне назар аударды. Ж.Саухат журналистердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың қоғамдағы алып отырған орнын анықтауға қатысты мәселелерді қозғады.

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Алтай Абибуллаев ақпараттық саланы бүгінгі заман талаптарына сай жаңартудың қажеттілігін айта келе, бұл істе мейлінше өтімді диалог алаңы ретінде толық мойындалған Бас редакторлар клубымен ынтымақтаса жұмыс жасауға сенім білдірді. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасы Асқар Жұмағалиевтің Алғыс хатын Клубтың президенті ретінде жемісті жұмыс атқарған К.Жолдыбайға табыс етті.

Тұтастай алғанда Клубтың есепті кезеңдегі жұмысына конференцияға қатысушылар аса басым дауыспен қанағаттанарлық деген баға берді. Форум сондай-ақ бірауыздан 2013 жылғы 1мамыр мен 2014 жылғы 15 мамыр аралығын қамтитын  қаржылық жылы Клуб тарапынан атқарылған қаржы-шаруашылық есебінің қорытындысына байланысты тексеру комиссиясының төрағасы Тарас Чернеганың баяндамасын бекітті.

Осыдан кейін «Бас редакторлар» клубы» қоғамы бірлестігінің жаңа құрамы сайланды. М.Башимов жоғары журналистік біліктілігін және ерекше ұйымдастыру қабілеттілігін тілге тиек ете отырып Бибігүл Жексенбайды Клубтың президенті етіп сайлауға ұсыныс жасады. Ұсыныс конференцияға қатысушылар тарапынан толық қолдау тауып, Б.Жексенбай бірауыздан Бас редакторлар клубының президенті болып сайланды.

Көрсетілген жоғары сенімге ризашылығын білдіре отырып өз кезегінде Б.Жексенбай Клубтың вице-президенттігіне «Әділет» ұлттық апталығының редакторлар кеңесінің төрағасы Мұратбек Тоқтағазинді, «Деловой мир Астана» республикалық журналының бас редакторы Шолпан Сыздықованы, «SUCCESS K» Медиа Агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзованы, «ҚР Ішкі істер органының Медиа орталығы» ЖШС бас директоры Алмас Садубаевты, «Радио Астана» радиосы директоры Гүлмира Қаракөзованы, «Алас Пресс» Агенттігінің директоры Марат Байғабыловты, «NS Радио» Тимур Сержановты ұсынды және олар бірауыздан сайланды.

«Бас редакторлар» клубы» ҚБ тексеру комиссиясының төрағасы болып «Человек и Закон» республикалық газетінің бас редакторы Марат Башимов сайланды.

Жиын соңында Б.Жексенбай конференцияға қатысушылардың назарын «Бас редакторлар клубы»  қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Мірболат Күнбаевтың Кенжеболат Жолдыбайға  «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағын беру үшін ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі атына арнайы хатпен шығу туралы ұсынысына аударды. Ол кісінің ойынша К.Жолдыбай қоғамдық бірлестіктің президенті ретінде жұмыс істеген тұста Клуб қызметін қарқынды дамытуға әрі тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Қазақстан Республикасы журналисінің этика Кодексінің» қабылдануына зор үлесін қосты. Бұл ұсынысқа конференцияға қатысушылардың барлығы толық қолдау көрсетті.

 

ШЕШІМ:

1. «Бас редакторлар клубы» ҚБ басқармасының 2013 жылғы 19 - сәуір мен 2014 жылғы 15 - мамыр аралығында атқарылған жұмыстары жөніндегі Клуб президенті К.Жолдыбайдың есебі назарға алынсын және қоғамдық бірлестіктің қызметі «Қанағаттанарлық» деп танылсын.

2. 2013 жылғы 1 мамыр мен 2014 жылғы 15 мамыр аралығын қамтитын  қаржылық жылы Клуб тарапынан атқарылған қаржы-шаруашылық есебінің қорытындысы жәйлі тексеру комиссиясының төрағасы Т.Чернеганың есебі бекітілсін.

3. «Бас редакторлар клубы» ҚБ Жарғысының 9 бабына сәйкес «Жетінші арна» телеарнасының директорлар Кеңесінің төрайымы Бибігүл Жексенбай Клуб президенті болып сайлансын. 

4. «Бас редакторлар клубы» ҚБ вице-президенттері болып «Әділет» ұлттық апталығының редакторлар кеңесінің төрағасы Мұратбек Тоқтағазин, «Деловой мир Астана» республикалық журналының бас редакторы Шолпан Сыздықова, «SUCCESS K» Медиа Агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова, «ҚР Ішкі істер органының Медиа орталығы» ЖШС бас директоры Алмас Садубаев, «Радио Астана» радиосы директоры Гүлмира Қаракөзова, «Алас Пресс» Агенттігінің директоры Марат Байғабылов, «NS Радио» Тимур Сержанов сайлансын.

5. Есілбаева Әсем штат кестесіне сай қызметтік жалақымен «Бас редакторлар клубы» ҚБ атқарушы директоры болып тағайындалсын.

6. «Бас редакторлар» клубы» ҚБ тексеру комиссиясы төрағасы болып «Человек и Закон» республикалық газетінің бас редакторы Марат Башимов сайлансын.

7. Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі атына Кенжеболат Жолдыбайға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағын беру жөнінде ұсыныс берілсін.

8. «Бас редакторлар» клубы» ҚБ Жарғысының 5.4. және 5.7. баптарына сәйкес төленуі міндеттелген Клубқа мүшелікке ену және мүшелік жарналар мөлшері бұрынғысынша тиісінше 5 (бес) мың теңге және 15 (он бес) мың теңге болып бекітілсін.

9. Кезекті Есеп беру-сайлау конференциясын өткізудің мерзімі 2016 жылғы қаңтар айының алғашқы онкүндігіне белгіленсін. 

 

 

        Модератор                                                        К.Жолдыбай

         Хатшы                                                              Ә.Есілбаева

  • Tweet

Пікірлер (4)

  • TCkOG8 mthvaehtbblw, [url=http://whqpwchdqdqz.com/]whqpwchdqdqz[/url], [link=http://muctouhybkto.com/]muctouhybkto[/link], http://dwttmywtuhpi.com/

  • abdqSE http://www.FyLitCl7Pf7kjQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com

  • 6FwL7Y http://www.FyLitCl7Pf7ojQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com

  • pspLjQ http://www.FyLitCl7Pf7ojQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com