«Law Companies» әріптестік қолын созады.

14.09.2026, 18:23

Таяуда  «Law Companies Lunev Waters»  бастамасымен Бас редакторлар  клубы президенті Кенжеболат Жолдыбай аталмыш заң компаниясының бас директоры Илья Луневпен кездесті. Кездесуде әріптестік келісім негізінде БАҚ-тардың қызметіне қатысты барлық кешенді мәселелер бойынша заң тұрғысынан көмектер беру үшін ынтымақтастық қарым-қатынас орнату туралы сөз болды. Компания заңдылық негізде тексерістер жүргізуге, on-line кеңестер беруге, сот орындарында БАҚ және журналистердің мүдделерін көздеуге, құқық тақырыптарға арналған тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер дайындауға және өткізуге әзір.

Law Companies Group Lunev Waters  заң компаниялар тобын құрап, оған республиканың түрлі қалаларында және республикадан тысқары жерлерде жұмыс жасайтын заң компаниялары кіреді. Олар өз қызметтерінде дауларды және өзге жағдайларды ұжымдық тұрғыдан шешумен әрі осылайша шешім қабылдаумен ерекшеленеді. Жұмыстарында кәсібилікті, құпия сақтауды, тың ізденістерді, бір мәселеде кем дегенде екі көзқарас ұстануды басшылыққа алады. 

Бұл топтың ең алғашқы компаниясы 1997  жылы Алматы қаласында тіркелген. Қазіргі кезде компания Алматы мен Астана қалаларында, Чехия Республикасында, Ресей Федерациясында белсенді жұмыс істеуде.

Кездесу қортындысы бойынша тараптар бірлескен іс-қимылдың келешек жоспарларын Клуб басқармасымен және осы қоғамдық бірлестіктің белді мүшелерімен ақылдаса отырып талқылауға келісті.

  • Tweet

Пікірлер (1)

  • QW2JDS zdqldttlbqny, [url=http://rfktnsnkoiad.com/]rfktnsnkoiad[/url], [link=http://vuckbgdlerbm.com/]vuckbgdlerbm[/link], http://dsoutllwaghj.com/