Достықтың сенімді көпірі

29.12.2026, 9:55

«ВАТРА» Украина мәдени орталығы 11 жылдан астам уақыттан бері шығарып келе жатқан республикалық «Украінські новини» газеті қызметіне осылайша баға беріліп отыр. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ақ жол тілеуімен 1994 жылғы 14 шілдеден ҚР Министрлер кабинетінің өкімімен газеттің алғашқы саны шыға бастады. Редакция ұжымы осы күнге дейін сол кездері Елбасы айтқан мына сөздерді жадтарында мықтап ұстап, қадір тұтып келеді: «Құрметті достар, сондай-ақ көпұлтты Қазақстанда тұратын барлық украиндық бауырлар сіздерді «Украінські новини» газетінің бірінші санының жарыққа шығуымен құттықтау мен үшін өте қымбат. Әлемнің әр аймағында түрлі этникааралық кикілжіңдердің орын алып отырған қазіргі заманда біздің республикада достыққа, бейбітшілікке және адамдар арасындағы келісімге шақыратын мерзімді баспасөздің өмірге келуі айтулы оқиға».

«Украінські новини» газетінің бүкіл Азия кеңістігінде украин тіліндегі жалғыз ғана басылым екендігін атап өткен жөн. Осы тұрғыдан алғанда, бұл жәйт кем дегенде екі себеппен ерекшеленіп отыр. Біріншіден, экономикалық жағдайы күрделі болып тұрғандығына қарамастан елде бейбітшілікті, өзара түсіністікті, қалыптылықты сақтау үшін мемлекет тарапынан өзге тілдегі басылымдарға қаржының бөлінуі әлемдік тәжірибеде өте сирек кездесетін құбылыс. Екінші жағынан алғанда, «Украінські новини» ТМД елдері ішінде украин тілінде шығатын жалғыз ғана мемлекеттік басылым.

Бүгіндері газет бетінде республикамыздың әртүрлі қалаларында тұрып жатқан украин диаспорасының өмірлері жәйлі жарияланымдар жарық көреді, Қазақстан және Украина елдерінің экономикалық, қоғамдық және мәдени салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттар легі тұрақты беріліп келеді. Басылым сонымен қатар қазақ және украин тілдерін оқытуды қолға алуда.

«Украінські новини» жазылу және бөлшек сауда арқылы республика аумағына түгел дерлік таратылады. Басылымға тарихи отанында да сұраныс жеткілікті. Қазір Украинаның және алыс шетелдердегі кітапханалардың қоры бұл газеттің топтамаларымен толықтырылып отырады. «Украінські новини» газетінің www.ukrgazeta.kz деген жеке сайты бар.

«Украінські новини» газетінің редакция ұжымына оқырмандарға адал қызмет ету, украин мәдениеті мен тілін қадір тұтатындардың әрқайсысына украин сөзінің өзіндік ерекшелігін және құнарлығын жеткізуге ұмтылу тән. Газет ұжымы Қазақстан Республикасы деп аталатын өзінің елінің ішкі және сыртқы саясатын жазып көрсетуде тек бейбітшілікті, өзара түсіністікті, тату тәтті көршілікті, халықтар арасындағы достықты насихаттау бұрынғысынша басым бағыт болып қала беретініне сенімді. 

 

      
      
  • Tweet

Пікірлер (0)