Интернет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

16.01.2013, 11:51

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Казконтент» АҚ еліміздің тұрғындары үшін ақпарат ашықтығын кеңейту, аймақтық редакцияларға жаңа инновациялық технологиялар енгізу, республикалық және аймақтық баспасөз бұқаралық ақпарат құралдары редакторларының кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында баспасөз БАҚ-тарын Интернетке тарту жұмыстарын жүргізуде.

Интернет-ресурстарды жасау барысында БАҚ өкілдеріне тақырыпты, функционалды, дизайнды таңдауға, сондай-ақ интернет-ресурстың қосымша компоненттерін талқылауға мүмкіндік беріледі.

Іске кірістірілген Интернет-ресурстардың ырғақты жұмысын қамтамасыз етіп отыру мақсатында БАҚ құралдары өкілдері үшін контентті жетілдіру, жаңа бөлімдер мен жаңалықтар мұрағатын енгізу, ықтимал аудиториямен қарым-қатынас жасау, жарнама орналастыру бойынша арнайы сабақтар өткізіледі. Мұның сыртында, іске қосылған Интернет ресурстарды әлеуметтік желілерде танымал ету бағытында нақты ұсынымдар жасалады.

Аталмыш жобаның БАҚ үшін артықшылықтары:

- сайтты жасап шығаруға материалдық шығынды қажет етпейді;

- мерзімді басылымның сандық аналогы қатар жұмыс істейді;

- ақпараттарды жаңа форматта беруге мүмкіндік туады;

- жарнамаларға орын беру арқылы қаржы табуға болады;

- Интернет желісі арқылы ықтимал жазылушылар санын артады;

- Техникалық және ақпараттық қолдау көрсетіледі.

Анықтамалық байланыс телефондар: 8 (7172) 79-82-36, 79-82-38 (ішкі байланыс: 152, 153)

Электронды почта: 

  • Tweet

Пікірлер (0)