«Ұлы Дала Қырандары» қоғамдық қозғалысымен ынтымақтастық туралы Меморандум

30.05.2013, 10:04

МЕМОРАНДУМ

Біз, төменде қол қоюшылар:

«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысы;

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі

Ұлт Көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекетте саяси қалыптылықты, бейбітшілікті және келісімді сақтау жолында тұрғындарды, азаматтық қоғам институттарын белсенді араластырудағы күш жігерін жан-жақты қолдай отыра;

Қазақ халқының өткен тарихын, салт-дәстүрлерін оқып үйрену, ұлттық мәдени құндылықтарды жаңғырту бағытында Қазақстанның атқарып жатқан шараларын жағымды бағалай келе;

Ауылдың аса күрделі хал-ахуалына, еліміздің экологиялық жағдайына, мемлекеттік тілдің қолдану аясының кеңеймей тұрғанына барынша алаңдай отырып;

Халықтың бірлігін нығайту, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсарту, табиғатты қорғау, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру мәселесі тек мемлекеттің ғана емес, сондай-ақ еліміздің әрбір азаматының, азаматтық қоғамның барлық институттарының міндеті екенін есептей келе;

Өскелең ұрпақ бойына патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, еліміздің әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне және мәдени нормаларына сыйластықпен қарау қажеттігін мойындай отыра;

Халықтың бірлігін нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға бағытталған құқықтық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағартушылық шаралардың бірыңғай жүйесін қалыптастыруда мемлекетке қарымды көмек көрсетуге  бекем шешімге келіп

f2fe067dc3b6fe9bf06f1fe6e8161965 b09acc421be14b71914ff8ea52d3f681 c6af81f9c2f77434241a8cde8b2a0124

төмендегілер туралы келісті:

1-ші бап

Бұл Меморандумның мақсаттары болып мыналар танылады:

а) ұлттық құндылықтарды насихаттау, Ұлы дала мәдениетін қайта құру, ана тілімізге ілтипат білдіру, жемқорлықпен күресу, жұмыссыздықты жою, жастардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық сезімін ұялату, оларды ұлттық спорт түрлеріне ынталандыру, ауылды көркейтуге жағдайлар жасау, қазақстандық журналистиканың өзекті мәселелерін шешу үшін күш-жігерді біріктіру;

б) азаматтардың елімізде болып жатқан оң өзгерістерге тікелей қатысы бар деген сезімді ояту;

в) біздің жастарымызға ұлттық мақтаныш сезімін ұялату бағытындағы тәрбие жұмыстарын жүргізуде ынтымақтастықты және тығыз әріптестікті күшейту.

2-ші бап

Бұл Меморандумға қол қойған Тарап өзінің жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес:

- елімізде өзара сыйластық ауанын және ұлтаралық келісімді нығайту, қоғамда шығармашылықты күрт дамытуға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуге қатысады;

- қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті бекітуге жағдай туғызады, еңбек адамына шынайы қамқорлық көрсетеді, сөз бостандығын және ой еркіндігін жақтайды әрі сол үшін күреседі;

- «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының, «Ұлы Дала - Ұлттық Рух» акциясының ішкі мән-жайын ашатын үгіт-насихат және ақпараттық жұмыстарын жүргізеді. Сонымен бірге «Ұлы Дала Даңқы» мұражайы құрылысына кең көлемде ақпараттық қолдау көрсетеді. Диалог алаңы ретінде барлық мүдделі БАҚ, интернет - ресурстар, республикалық телеарналардан берілетін телехабарлар, жастардың пікір алмасу орындары қызмет жасайтын болады;

- осы меморандумда көрсетілген мақсаттарға сәйкес келетін кітаптар мен кітапшалар, өзге де баспа өнімдерін шығарып таратады;

- тиісті роликтер дайындап, оларды Интернет арқылы таратады;

- қоғамға қарсы жасалып жатқан теріс әрекеттерге төзбеушілік ауанын қалыптастыратын іс-шаралар атқарады;

- жастардың белсенді азаматтық көзқарасын, өзін өзі ұстаудың ерекше үлгілерін қалыптастыруға, оларды құқықтық сауаттылыққа және ізгілікке тәрбиелеуге қатысады;

- өзге де бірлескен жұмыс тәсілдері мен әдістерін ұсынады.

3-ші бап

Осы Меморандумды іске асыру үшін оған қол қойған Тараптар мынаны мақсат тұтады:

1) өскелең ұрпақты өз төл тарихына және ұлттық бастауларына деген сыйластық рухын тәрбиелеуге бағытталған бірлескен бағдарламаларды, жобаларды, акцияларды және өзге де іс-шараларды жүргізуді;

2) қазақ халқының толеранттылығы қалыпты тарихи жағдай екендігін көрсету үшін қазақ мемлекеттілігінің құрылуының тарихи тәжірибесін тарату мәселелері бойынша насихатты жақсартуды және осыған сәйкес қазақ этносы еліміздегі барлық 130 этностарды біріктіруші күш болып табылатындығын көрсетуді;

3) еліміздің қоғамдық-саяси, рухани-мәдени, әлеуметтік-экономикалық бағыттары бойынша жастардың бастамаларын қалыптастыруға және алға бастауға белсенді ықпал етуді.

4-ші бап

1. Осы Меморандум Тараптар қол қойған күннен бастап өзінің күшіне енеді.

2. Меморандумға оған қол қойған Тараптардың жазбаша келісімдері негізінде өзгертулер енгізілуі мүмкін.

3. Меморандумнан Тарап екінші Тарапқа жазбаша хабарлама арқылы шыға алады және өзге Тарапқа жіберілген хабарламаның уақытынан 30 күн өткеннен кейін одан мүлдем шыққан болып есептелінеді.

4. Осы Меморандум қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалып, әр Тарапта бір данадан сақталады.

Айтылғандарды Тараптардың өкілетті уәкілдері қол қою арқылы растай отырып бұл Меморандумды бекітті.

 

«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағалары 

Марат Нәбиев_______                                                      Сәдібек Түгел __________ 

 

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі

Кенжеболат  Жолдыбай __________

  • Tweet

Пікірлер (0)