2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауы барысында этикалық нормаларды сақтау туралы ХАРТИЯ

06.03.2015, 0:00

Сөз бостандығы адамның негізгі құқығы болып табы­латынын назарға ала отырып; 

ақпарат­тар­ды іздеу, алу және тарату еркіндігін жария­лай­тын Адам құқының жалпыға ор­тақ декларациясының 19-бабындағы ережелерге сәйкес; 

Қазақстан Республикасы Конс­титуциясындағы сөз бостандығына және  ақпараттарды заң тыйым салмайтын кез келген әдістермен алу және тарату құқы, цензураға тыйым салу, консти­ту­ция­лық құрылысты, республи­ка­ның тұтастығын күштеп өзгер­туге үгіттеу немесе насихаттау, мемлекет тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеуметтік, нәсіл­дік, ұлттық, діни, таптық және ру­лық үстемдікті, сондай-ақ қа­ты­гездік пен зорлық-зомбылыққа табыну­шылыққа тыйым салу ере­желерін басшылыққа ала отырып; 

ақпараттың адам құқы мен бостандығын жүзеге асыруда, азаматтық қоғам, демократиялық және құқықтық мемлекет құруда, таза және әділ сайлаулар өткізуде айрықша  рөл атқаратынын саналы түрде түсіне отырып; 

біздер, Қазақстан журналистері мен БАҚ саласындағы үкі­меттік емес ұйымдар өкілдері Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауы барысында атал­ған Хартия қағидаттарын сақ­тау­ды міндеттенеміз. 

1. Бұл Хартия Қазақстан Рес­публикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасынының «Сай­лаулар туралы» және «Бұ­қаралық ақпарат құралдары ту­ралы» заңдарына сәйкес жа­салған. 

2. Бұл Хартияның негізгі мақсаты қазақстандықтарды сайлау науқаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың қызметтері ту­ралы бұқаралық ақпарат құрал­дарында шынайы әділ, толық және сенімді ақпараттармен қамта­масыз ету болып табылады. 

3. БАҚ-тар Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген барлық кандидаттардың, олардың саяси көзқарас­та­рына қарамастан, өздеріне тең­дей мүмкіндікке ие болуына ықпал ете алады және солай етуге тиісті. 

4. Бұл Хартия әрбір азамат өзінің сайлау құқын жүзеге асыруына мүмкіндік алу үшін БАҚ-тарды сайлау жұмыстарын, кандидаттар мен сайлау науқанының негізгі кезеңдері, дауыс беру ресімі және басқа да мәселелер туралы кәсіби және шынайы ақпар таратуға шақырады. 

5. Сайлау науқаны кезеңінде қоғамдық пікір, қоғамдық сауалнама нәти­же­лерін жариялау барысында  аса мұқияттық таныту қажеттілігін ескертеді.  

Осыған байланысты, біздер, Қазақстан журналистері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сайлауды көрсету кезінде мына қағидаттарды ұстана­тын­дарымызды мәлімдейміз: 

1) Қазақстан Республикасы­ның заңнамаларын, журналистердің кәсіби этика нормалары мен мінез-құлық ережелерін бұлжытпай сақтау; 

2) сайлау тақырыбына арнал­ған барлық мате­риал­дардың объективті, алалау­сыз, ақпараттық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлеріне қа­тыс­ты әділ болуларына ықпал ету; 

3) үміткерлердің абыройы мен іскерлік беделіне, жеке басына нұқсан келтіруі ық­тимал ақпараттарды таратпау; 

4) ақпарат көздерін, әсіресе, егер олар күдік тудыратын болса тексеруге алу; 

5) үгіт жарияланымдары мен ақпараттық хабарламалар ара­сын­дағы айырмашылықты нақты ажырату; 

6) белгіленген тәртіп пен әлеуметтік сауалнама жүргізу шарттарын ұстану, сауалнама нәтижелерін жариялау кезінде аудиторияға берілген сауалнама жауаптары тек қана болжам екенін ескерту және сауалнама нәти­же­лері туралы немесе сайлауға бес күн бұрын және дауыс беру күнгі алдын ала нәтижелер ту­ралы материалдарды таратпау; 

7) Бұл Хартия өзара құрметке негізделген өзара қарым-қатынас жүйесін құруды, барлық өзара ықпалдасушы тараптардың мүд­де­лерін тану мен есепке алуды, сенімді және толық ақпаратқа сүйенген жоғары саяси мәде­ниетті қарастырады. 

Хартия адамның, қоғам мен мемлекеттің жалпыға бірдей та­нылған құқықтары мен бостан­дық­тарының сөзсіз басымдығына бағытталған және саяси проб­лемаларды шешуде бір-біріне өзара жол беріп, өзара іс-қимылдың келісімдік негізін қарастырады.

 

 Бұл Хартия қол қоюға ашық.

 

  • Tweet

Пікірлер (7)

  • gH391B qfjqjnrtfvch, [url=http://zjkoillwmvzi.com/]zjkoillwmvzi[/url], [link=http://csuoydrbpdca.com/]csuoydrbpdca[/link], http://umlmintovjlk.com/

  • iB1GTu cdiozekqxyns, [url=http://adqmdgguzteo.com/]adqmdgguzteo[/url], [link=http://bvhrkpdspnjh.com/]bvhrkpdspnjh[/link], http://zcxpicqsgcfn.com/

  • Vt79dQ http://www.FyLitCl7Pf7kjQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com

  • h5OYFd gnznhinpngcx, [url=http://jzgnahdpzkcf.com/]jzgnahdpzkcf[/url], [link=http://qemcmawpbfan.com/]qemcmawpbfan[/link], http://guircsvlrazr.com/

  • otEAAK http://www.FyLitCl7Pf7kjQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com

  • laW7i7 http://www.FyLitCl7Pf7kjQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com

  • xNNNC1 http://www.FyLitCl7Pf7kjQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com