Бас редакторлар клубы электоралды науқанды жариялау кезінде этикалық нормаларды ұстану туралы Хартияны қолдауға шақырады
06.03.2015, 12:00
2015 жылдың 6 наурызында Астана қаласындағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында Бас редакторлар клубы Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлау науқаны барысында бұқаралық ақпарат құралдарының этикалық нормаларды сақтауы туралы Хартияны қабылдады.
«Бас редакторлар клубы» ҚБ бүгінде құрамында 250-ге жуық республикалық БАҚ-ң беделді басшыларын біріктіретін ірі медиа қауымдастықтың бірі болып табылады. Ұйым ел егемендігін нығайту, демократиялық қоғам құру, кәсіби ақпараттық кеңістікті дамыту жолында, сондай-ақ республикада тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақтастықты баянды ету тұрғысында қызмет етіп келе жатыр.
Құжат Казақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Сайлаулары туралы, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңдарға сәйкес әзірленіп, барлық үміткерлердің ақпарат құралдарына бірдей мүмкіндікке ие болуына жағдай жасауға бағытталған. Сондай-ақ, Хартия адамның, қоғам мен мемлекеттің жалпыға бірдей танылған құқықтары мен бостандықтарының сөзсіз басымдығына негізделген.
Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлау науқанын демократиялық тұрғыда, халықаралық талаптарға сай, әділ де, ашық өтуіне бұқаралық ақпарат құралдары да бір кісідей жұмыла кірісуі керек екеніне тоқтала келе, Хартия мазмұнымен таныстырды.
«Клубтың бастамасымен әзірленген Хартия көптеген БАҚ редакцияларында талқылану үстінде. Қазірдің өзінде оны республикалық БАҚ басылымдарының 10-ға жуық редакциясы талқылаған. Осылайша, аталған Хартияға 350-ге жуық әріптесіміз қол қойды. Мен бұл саяси маңызды кезеңде жауапкершілікті сезініп отырған барлық әріптестеріміз қосылып, оған қол қояды деп ойлаймын», - деді Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай.
Жиынға қатысқан «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Әбдірахманов, «Қазақстан» телерадио корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков, «Казинформ» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Дәурен Дияров және басқалар қабылданып отырған құжаттың маңыздылығына жан жақты тоқталып, өздері басқарып отырған ұжым мүшелері бірауыздан қолдау білдірітетінін айтты.
Хартия қол қоюға ашық.
- Tweet

Пікірлер (1)
tErncr rpariqaevuuk, [url=http://ybkjanejyhxf.com/]ybkjanejyhxf[/url], [link=http://zvtizixfywsf.com/]zvtizixfywsf[/link], http://mapgmxnvjtlp.com/
Оставить комментарий