Қазақстанның бас редакторлары кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдайды

20.02.2015, 13:00

Бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасына орай үндеу жария етті. 

Елімізде медиа сала мен азаматтық қоғам инстиуттары қарқынды түрде дамып келеді. Олар өздерінің жобаларын қоғамның әртүрлі әлеуметтік салаларында тиімді пайдалануда. Дамыған 30 елдің қатарына кіру идеясын құптау мақсатында барлық қазақстандықтарды, барлық бұқаралық ақпарат құралдарын және үкіметтік емес ұйымдарды Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын қолдауға шақырамыз», - деп мәлімдеді Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай. 

Жиын күнтәртібіне байланысты бірқатар бұқара ақпарат құралдарының басшылары өз ойларын ортаға салды. 

Татьяна КОСТИНА, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы:

- Бұл бастама күш-жігерімізді қажеттіліктерге, әрі дұрыс бағыттарға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Қоғамды ауқымды мақсаттарға жету жолында ынтымаққа және дұрыс шешім қабылдауға  шақыра алады деп сенеміз. Біз - қолдаймыз!

 

  • Tweet

Пікірлер (0)