Тимур Аслановтың «Көктемгі PR-мектебі»

28.03.2015, 20:00

Астанада Бас редакторлар клубының шақыруымен табысты ресейлік PR-тренері және блогері, «Имидж-Медиа» баспа үйінің басшысы Тимур Аслановтың бірегей оқыту семинар-тренингі өтті (Мәскеу қ.).

Сонымен қатар, ол бүгінде жалпыресейлік кәсіби «Жыл баспасөз қызметі» конкурсының негізін салушысы және жетекшісі.

«Сатулар арифметикасы. Сатушыларды басқару бойынша құрал» кітабының авторы («Манн» баспасы, Иванов и Фербер», 2011 жыл)

Оқыту семнар-тренингі Астана қ. «AlmatyManagementUniversity» ҒОО өкілдігінде өтіп, PR-жұмыстар мен ілгері бастыру қызметінің тәжірибелік құралдарына арналды. 

 

Семинар-тренингте «ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі» РММ қызметкерлері және «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Казахстанская правда» РГ» АҚ, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ, SUCCESS K медиа агенттігінің өкілдері қатысты.

Тыңдармандар келесі тақырыптарда дәріс алды: Тиімді PR-мәтіндер жазу құпиясы, Ақпараттық сылтаумен жұмыс жүргізу техникасы, Контент ниеттестік қалыптастырудың және қатыстырудың, ақпараттандырудың тиімді құралы, Интернет және әлеуметтік желідегі ілгері бастыру қызметтері. 

Топтық оқуту процесінде тыңдаушылар баспада және интернетте ілгері бастыру қызметінің азбюджетті және бюджетсіз тәсілімен танысуға, сондай-ақ ақпараттық сылтаумен жұмыс бойынша, әрі баспа үшін дайындалған мәтіндер мен баспасөз-хабарламасындағы жиі кететін қателерді талдау  бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізудің ерекше мүмкіндігіне ие болды.

Семинар қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленді және оған қатысқан тыңдаушыларға тиісті сертификаттар берілді.

  • Tweet

Пікірлер (1)

  • jGYRNg cqxfgbrtdlmk, [url=http://wisxipwtisvx.com/]wisxipwtisvx[/url], [link=http://fdkykxddidpu.com/]fdkykxddidpu[/link], http://rjnuegugvwdh.com/