«Қазақстан Республикасы БАҚ-тары» арнайы дайджест-газеті
«Бас редакторлар клубы» ҚБ бес жылдығы шеңберінде «Қазақстан Республикасы БАҚ-тары» атты арнайы дайджест-газет дайындап шығару жоспарланып отыр. Бұл көп бетті ақпараттық басылымда отандық барлық БАҚ-тар өздері жәйлі тиісті ақпараттар бере алады.
Жобаның мақсаты және шешетін мәселелері:
- журналистер қауымдастығын біріктіру;
- отандық БАҚ-тардың қызметтерін насихаттау;
- жалпыреспубликалық баспасөзге жазылу науқанына оң ықпал ету.
«Қазақстан Республикасы БАҚ-тары» дайджест-газетінің ұтымды тұстары:
- толық бояумен берудің ыңғайлы форматы (А3 форматының 32 беттік басылымы үлгісінде);
- ықтималдық таралымы – 2,5-3 миллион данамен;
- нақты мекен-жай бойынша (таратылады) жеткізіледі;
- дайджест-газет бетінде барлық қазақстандықтар үшін қызықты әрі пайдалы ақпараттар орналастырылады.
Дайджест-газетіне ақпарат орналастырудың шарттары:
Газеттің бір шаршы см базалық бағасы – 150 теңге (А3 форматты газеттің толық беті – 1000 шаршы см. құрайды).
Жобаға қатысушы БАҚ-тар үшін:
- басылым туралы ақпарат пен сурет орналастырылады;
- «Қазақстан Республикасы БАҚ-тары» фестиваль-көрмесіне қатысу үшін арнайы орын мен қажетті жабдықтар беріледі.
