Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бас редакторлар клубының» отырысы
16.04.2026, 0:00
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бас редакторлар клубының» кезекті отырысы өтті. Еркін кездесу жағдайында ұйымдастырылыған отырыс «Махамбет» қонақ үйінің фойесінде, облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерінің басым бөлігінің қатысуымен өтті. Оған «Бас редакторлар клубы» ҚБ төрағасының орынбасары, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл мен облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлмира Тағаева қатысты.
Оңтүстіктің редакторлары өңірдегі БАҚ арасындағы қарым-қатнас ақуалын сарапқа салды. Кәсіби кадрларды даярлау,жас журналистерді тәрбиелеу мәселесін талқылады. Қызу талқыланған жайттің бірі билікпен арадағы байланыс жағдайы болды. Сын материал жариялана салысымен билік өкілдерінің «кімнен тапсырыс болды?» деп жоқ жерден жау іздейтіні сыналды.
Оңтүстіктің бас редакторлары Срайыл Смайылдың Астанадағы, еліміздегі БАҚ арасындағы ахуал туралы, «Бас редакторлар клубының» жұмысы туралы ақпаратын тыңдады. Отырыс соңында «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бас редакторлар клубы» ҚБ заңды тұлға ретінде тіркеу керек деп тарқасты.
- Tweet

Пікірлер (0)
Оставить комментарий