Медиа өкілдерінің Керекудегі көрнекті басқосуы.

29.08.2026, 14:09

Ежелгі Кереку жерінде осы жылғы 24-ші тамызда «Журналистиканың дамуы: өзекті мәселелері және болашағы» тақырыбында халықаралық медиа-форум болып өтті. Павлодар облыстық Бас редакторлар клубының үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отырған бұл жиынға облыстық және Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтардың БАҚ басшылары қатысты. Келелі басқосу Павлодар облыстық әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының тікелей көмегімен жүзеге асқандығын атап көрсету ләзім. Форум жұмысын Павлодар облыстық Бас редакторлар клубының төрағасы М.Омаров басқарып отырды.

Медиа-форум жұмысына зор сәттілік тілеген Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Әбдіхалықов билік пен БАҚ арасында іскерлік қарым-қатынас ахуалының берік орнығуына, олардың ортақ ұлттық мүддемізді іске асыруда бір болуларына, журналистер қауымының өз қызметіне адал әрі аса жоғары жауапкершілікпен қарауларына назар аударды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғ.Есім жиналғандарға Қазақстанның қазіргі дамуы туралы, сондай-ақ болашақта акме-қоғам орнатудың нақты шарттары жәйлі материалдардың көптеп шығуы қажеттілігін сөз ете отырып, журналистерді хакім Абайдың өмірлік қағидаттарына, әсіресе, ұлы ойшылдың: «Адамзаттың бәрін сүй», -  деген өсиетіне беріктік танытуға шақырды.

Маңызды да айтулы жиында сонымен қатар Бас редакторлар клубының президенті К.Жолдыбай, осы қоғамдық бірлестік мүшелері, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ж.Кенжалин, «Индустриальная Караганда» Қарағанды облыстық газетінің бас редакторы В.Рыжков, республикалық «Казахстанская правда» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі С.Горбунов сөз сөйледі. Сондай-ақ, Телевизия және радио хабарларын тарату халықаралық Еуразия  академиясының вице-президенті, РФ мемлекеттік кеңесшісі Кипрас Мажейко, Еуразиялық зерттеулер институтының медиа-жобалау директоры А.Строев, Новосибирь облыстық Журналистер одағы төрағасы А.Челноков, Павлодар облыстық Журналистер одағы төрағасы Ю.Поминов өз ойларымен бөлісті.

Бас редакторлар клубы президенті К.Жолдыбай әйгілі Аристотельдің: «Мемлекет өмір үшін пайда болды, бірақ мемлекеттің басты мақсаты жақсы өмір сүруді көздеу» деген ұлағатты сөзін тілге тиек ете отырып, осы жолда түрлі мүдделердің бір жерге тоғысу керектігін, сөйтіп діттеген мақсатқа қол жеткізу қажеттігіне тоқталды. Мұның өзі түптеп келгенде журналистиканың өзекті мәселелерін оңтайлы шешудің бірден бір жолы екендігін де атап өтті. Өз кезегінде түйінді мәселелердің тамыры кәсіби біліктіліктің деңгейінің тым төмендеп бара жатқанында дей келе, бүгіндері Клуб тарапынан бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде кеңінен әңгімелеп берді. Мәселен, осы жолда Клуб сайтында арнайы айдарлар қарастырылғанын, «Казконтент» АҚ бірлесе отырып аудандық БАҚ-ты ғаламторға шығару мақсатында нақты жоба қолға алынып жатқанын, Клубтың вице-президенті Ш.Сыздықованың бастамасымен «Деловой Мир» экономикалық журналы аймақтарға арналған қосымша санын шығарып отырғанын айтты. Сонымен бірге күрмеуі шешімін таппай тұрған мәселелер қатарына журналистердің өз қызметтеріне деген жауапкершіліктерінің мардымсыздығын жатқызатынын, осы орайда елімізде Журналистік этика Кодексін қабылдау қажеттігіне ерекше тоқтала отырып, Ресейліктердің «Журналистика – ізгілікті кәсіби категория» деген байламына толық қосылатынын білдірді.

Бұл тақырып форум шеңберінде өткен «шеберлік сыныбы» барысында да барынша көтерілді. Атап айтқанда, Кипрас Мажейко журналистерге арнап этика және құқықтық нормалары, БАҚ пен қоғамдық институттардың өзара байланыстары мәселелері тұрғысында әңгіме қозғаса, облыстық «Сарыарқа самалы» газеті және бірқатар аудандық басылымдардың қызметкерлерімен болған кездесуде Ж.Кенжалин мен К.Жолдыбай отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту маңыздылығын әрі БАҚ саласы журналистік этиканың Ұлттық кодексінің нақты үлгілері бойынша жұмыс істеу керектігін айтты. Өз кезегінде, журналистер қол байлау болып отырған мәселелерге байланысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Олар үкімет тарапынан мұғалімдерге және дәрігерлерге көрсетілетіндей нақты көмек болмағандықтан ауылды жерлерде журналистік кадрлер жетіспейтіндігін айта келе, «Дипломмен – ауылға» атты мемлекеттік бағдарламаның журналистерге де қатысы болуын сұрайды. БАҚ қызметкерлерінің заңдылық тұрғыдан әлеуметтік дәрежесін анықтап беруді өтінеді. Жергілікті мамандардың кәсіби біліктерін арттыру үшін орталықтан оқу-әдістемелік тұрғыдан пәрменді көмектер күтеді. Басылымдарға жаздыру, олардың таралымын көбейту, танымалдығын арттыру мәселелері төңірегінде тәжірибе бөлісу қажеттілігін ескертеді.

Медиа-форумға қатысушылар жиында көтерілген мәселелер бойынша, әсіресе, Журналистік этика Кодексіне қатысты арнайы резолюция қабылдау қажет деп шешті әрі ол тиісті талқылаудан соң бірауыздан қабылданды. Бұл құжаттың толық мәтіні Клубтың kgr.kz сайтында жарияланып отыр. Мәртебелі жиында ресейліктер тарапынан қазақстандық журналистерге ізет көрсетілді. Атап айтқанда, Павлодар облыстық Бас редакторлар клубының төрағасы М.Омаровқа Телевизия және радио хабарларын тарату Еуразия халықаралық академиясының академигі атағы берілсе, бірқатар Керекулік журналистер осы академияның Құрмет грамоталарымен марапатталды.

  • Tweet

Пікірлер (9)

  • DGx2mj bbinbijjfigu, [url=http://ytbcassmatgq.com/]ytbcassmatgq[/url], [link=http://avwfuiusodga.com/]avwfuiusodga[/link], http://kbezdxwtesvi.com/

  • Utterly written written content, thanks for entropy. “You can do very little with faith, but you can do nothing without it.” by Samuel Butler.
    Bruno http://heightincrease.mywapblog.com/science-and-shoe-lifts.xhtml

  • I believe this web site contains very wonderful pent subject material articles.
    Pedro http://ultimateheight1.exteen.com/20130730/limb-deficiencies-deformities-and-length-inacucuracy

  • You ought to really control the remarks on this site
    Murray http://dsaunders.pixnet.net/blog/post/217436-fishnet-tights

  • Hey, just looking around some blogs, seems a pretty good platform you are using. I’m currently using WordPress for a few of my sites but looking to change a single of them over to a platform similar to yours as a trial run. Anything in particular you would recommend about it?
    Andrea http://thebestshoelifts.jigsy.com/entries/heel-lifts/heel-lifts-for-gait-disorder

  • Always a pleasure to read your articles. This is my first post here
    Henry http://sgarrett565.pen.io/

  • Wow! Thank you! I constantly needed to write on my site something like that. Can I implement a portion of your post to my blog?
    Evelyn http://tightsntings.mixxt.at/networks/blog/post.angeline.emerson:2

  • Aw, this was a very nice post. In thought I would like to put in writing like this moreover
    Sammy http://berry8489.insanejournal.com/2537.html

  • halloween costumes will almost always be particular and there’s superior interest in this costume. People check
    Riley http://tallerlifts.bloggplatsen.se/2011/03/03/4751919-adjustable-heel-lifts-the-way-they-metamorphosed-my-life/