Бас редакторлар клубы төрағасы академик атағына ие болды.

29.08.2026, 14:12

Павлодар облыстық Бас редакторлар клубының төрағасы Мұхит Омаров Телевизия және радио хабарларын тарату халықаралық Еуразия академиясының академигі атанды. Осыған орай, арнайы дипломды Омаровқа аталмыш академияның вице-президенті, Ресей Федерациясының мемлекеттік кеңесшісі Кипрас Мажейко Павлодар қаласында өткен халықаралық медиа-форумда салтанатты түрде табыс етті. Әріптесімізді осы жоғары да мәртебелі ғылыми атағымен шын жүректен құттықтаймыз!

  • Tweet

Пікірлер (0)