«ТВК- 6» Медиа-холдингінің ерекше үлгідегі игі жобасы

17.04.2014, 10:00

Адамзат тарихында үлкенді-кішілі 15 мыңға жуық соғыс өтіпті. Бірақ солардың ішінде ауқымы, алапаттығы мен құрбандықтары жағынан ең жан түршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі - Ұлы Отан соғысы болды. 1418 күнге созылған бұл жойқын қырғынға Қазақстан үлкен Одақтың бір бөлшегі ретінде қатысып, өз тарапынан 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясын, 7 атқыштар бригадасын, 50-ге жуық полктар мен батальондар жасақтап, майданға аттандырды. Соғыс майданындағы армия қатарында жалпы саны 1 196 164 қазақстандық болды.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің ШҚО Семей қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владимир Пигаваевтың хабарлауынша, соғыс жылдары 93 мыңнан астам Семейліктер қолдарына қару алып Отанын қорғауға аттанса, олардың әрбір үшіншісі өз жандарын пида етіп, туған еліне қайтпай қалды. Сондықтан, оған қатысып жеңіске жеткен және осы жолда  өмірлерін құрбан еткен асыл азаматтарды еске алып, құрмет көрсетіп отыру бәрімізге қасиетті борыш, қастерлі міндет.

Осы тұрғыдағы жарқын мысал ретінде В.Пигаваев Шығыс Қазақстан облыстық маслихатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» ҚБ белсенді мүшесі Омарбек Байуақов басқаратын «ТВК – 6» Медиа-холдингінің игілікті бастамасын келтіреді.

Былтырғы 9 мамырда «ТВК – 6» мыңнан астам адамнан құралған шеру ұйымдастырып, оның сапында қалалықтар Ұлы Отан соғысына қатынасқан өздерінің туысқандарының және жақындарының суреттерін көтеріп жүріп өтті. Бұл акция биыл да жалғасын таппақшы, әрі осы жолы «Мәңгілік полк» шеруіне 1500 адамға дейін қатысады деп күтілуде. Қазір осынау салтанатты шеруді ұйымдастыру бағытында медиа-холдингтің жетекші журналистері тарапынан нақты жұмыстар басталып кетті. Олар өз оқырмандарынан және телекөрермендерінен, жас және жасамыз азаматтардан Ұлы Отан соғысына қатынасқан жақындары жайлы естеліктер жазып, олардың суреттерімен қоса редакцияға жіберулеріне шақыруда.

- Мәңгілікке көз жұмған солдаттарды әрбір үйге, әрбір жанұяға, бізге, біздің балаларымыз бен немерелерімізге осылайша қайтадан табыстыруға жол ашып отырмыз, - деп Омарбек Байуақов ағынан жарылады. Ол кісінің айтуынша «Мәңгілік полк» сапына Семей қаласының, ауылдық округтардың, жақын жатқан аймақтардың тұрғындары діни ұстанымына, ұлтына, саяси не өзге де көзқарастарына қарамастан жазыла алады. Оларға қойылатын бір ғана шарт – сапқа тұрған азамат Жеңіс Парадына енді ешқашан қатыса алмайтын өз солдатының, соғыс ардагерінің сурет - транспарантын алып өтуі керек.

Иә, бұл бастама жастарға мәңгілік өнеге болары сөзсіз. Сондықтан да ол толық қолдауға ие болуы тиіс. Сонда біз жас тәуелсіз мемлекетіміздің Қарулы күштері құрамындағы сарбаздарды бүгінгі күні бейбіт өмірімізді көздерінің қарашығындай сақтап, ата-бабаларымыздың ғасырлап күткен арманы, Елбасы белгілеп берген ұлтымыздың басты идеологиясы – Мәңгілік Елді баянды ету жолында аянбай тер төгуге жұмылдыратын боламыз.                                

  • Tweet

Пікірлер (2)

  • 9936gp xzjxlvqlwmai, [url=http://duyhmttujqpp.com/]duyhmttujqpp[/url], [link=http://lyfkgpabpbxi.com/]lyfkgpabpbxi[/link], http://zifvrmwyypif.com/

  • UPPAmn http://www.FyLitCl7Pf7kjQdDUOLQOuaxTXbj5iNG.com