Павлодарда «Журналистиканың дамуы: өзекті мәселелері және болашағы» атты медиа-форум өтеді.
16.08.2026, 19:46
2026 жылғы 24 тамызда Павлодар қаласында «Журналистиканың дамуы: өзекті мәселелері және болашағы» тақырыбы бойынша медиа-форум өтеді. Оған облыстық және Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтардың БАҚ басшылары қатысады. Форумда Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын, «Бас редакторлар клубы» БҚ президенті Кенжеболат Жолдыбай, Телевидение және радио хабаларын тарату Халықаралық Евразия академиясының вице-президенті, РФ мемлекеттік кеңесшісі Кипрас Мажейко, Новосибирь облыстық Журналистер одағының төрағасы Андрей Челноков сөз сөйлейді деп күтілуде.
Форумға қатысушылар қазіргі заман жағдайындағы журналистиканың өзекті мәселелері мен болашағын талқылайтын болады.
Форумның модераторы міндетін Павлодар облыстық Бас редакторлар клубының төрағасы Мұхит Омаров атқарады.
- Tweet

Пікірлер (0)
Оставить комментарий