Жүлдегерлер белгілі болды

08.01.2013, 11:42

Кеше Астанада  журналистер арасында ұйымдастырылған «Асыл сөз құдіреті» атты республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау өтті. Бұл конкурс Бас редакторлар клубының 5 жылдығы құрметіне орайластырып, «Саясат, экономика, қоғам, мәдениет, білім, спорт, жастар тақырыптарын үздік насихаттағаны үшін» номинациялары, сондай-ақ, 21 жасқа дейінгі жастарға арналған «Қалам байқауы» жүлдесі бойынша ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – рес­пуб­ликаның үздік журналистерін анықтау, журналистердің шығар­машылық мүмкіндіктерін толық­тай ашуға барынша жағ­дай­лар туғызу, конкурсқа қаты­су­шылардың үздік жұмыстарына қоғам назарын аудару және мемлекеттің басымдық берілген бастамалары мен жобаларын іске асыру жолында атқарылып жатқан шараларды БАҚ-тарда белсендірек жазып-көрсетуге мейлінше ықпал ету.

Конкурс барысында рес­пуб­ликалық және аймақтық баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдарынан қазақ және орыс тілдерінде барлық саны жүзге жуық материалдарды қамтитын 25 тапсырыс келіп түсіп, олар конкурстық комиссияның мұқият сараптамасынан өтті.

Комиссия қорытындысы бо­йынша конкурс талаптарына толықтай сай келетін материалдар іріктеп алынып, тиісті номинациялар бойынша тоғыз жеңімпаз анықталды. Олардың арасында «Айқын» республикалық га­зе­тінің бас редакторы Нұр­төре Жүсіп, «Қазақстан» ТРК те­леарнасының редактор-жүр­гізушісі Қанат Әуесбай, Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Айгүл Жұбаныш, «7 арна» телеарнасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Ольга Витукевич, республикалық «Әділет БАҚ медиа» газеті бас редакторының орынбасары Мұратбек Тоқтағазин бар. Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика және саясаттану» факультетінің студенті Сымбат Модатай 21 жасқа дейін­гі жастарға арналған «Қалам бай­қауы» жүлдегері атанды.

Бұған дейін Бас редакторлар клубының бес жылдығы шең­берінде 150 мың данамен арнайы дайджест-газет шы­ға­ры­лып, ол Астана қала­сы мен Ақ­мола облысының оқыр­ман­да­ры арасында тегін таратылды. «Қазақстандағы БАҚ» атты рес­публикалық фестиваль-көрме өт­кізілді. Сәкен Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық уни­верситеті студенттерінің қа­ты­суымен флэш-моб ұйым­дас­тырылды.

«Егемен-ақпарат».

  • Tweet

Пікірлер (0)