БАҚ дегеніміз – бағдаршам
27.05.2013, 19:05
Жақында "Қостанай таңы" газеті редакциясында республикалық Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай болып, БАҚ-тың бүгінгі таңдағы рөлі мен журналистер алдында тұрған міндеттер туралы әңгіме қозғады.
Ол өз сөзінде бүгін он бір мың таралыммен шығатын "Қостанай таңы" газетінің тарихы мен бүгінгі тынысын жақсы білетінін айтты. Ашық қоғам құру арқылы мемлекеттікті нығайту, экономика жєне әлеуметтік саладағы кемшіліктерді зерделеу, одан шығу жолдары туралы өз ойларын білдірді.
Бүгіндер журналистер үшін ақпарат алу қиындап барады. Билік өкілдері, ірілі-ұсақты ұжым басшылары журналистермен тікелей сұхбаттасуға бара бермейді. БАҚ өкілдерінің өтінішіне құлақ асу жағы нашар. Осындай жағдайда ақпаратқа қолжетімділік жөнінде Заң қабылдануы қажет. Біз билік пен БАҚ-тың көздегені, діттегені бір ғана мєселе – елге қалтқысыз қызмет ету екендігін түсінуге тиіспіз.
Осы арада қоғамға қажетті ақпарат не деген мєселе туындайды. Бас редакторлар клубы бұл мєселені "Нұр Отан" ХДП тһрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен де бірге талқылапты. Ең бастысы кез келген қажетті ақпаратты халық білуге тиіс, бұл орайда елден жасыратын ешқандай ақпарат болмауға тиіс.
Қазақстанда Журналистер этикасы Кодексі қабыл-данғаны белгілі. Бұл маңызды құжат қаламгерлерге небереді, оның БАҚ жұмысын жаңа сатыға көтеру жөніндегі жұмысы қандай? Қонақ осы тіректе де ой түйді жєне журналист кадрларын даярлау мєселесіне де назар аударылды. Облыстардағы журналистика факультеттерінің мүмкіндіктері, педагог кадрлар сапасы төңірегінде деайтылды.
Сөз соңында Кенжеболат Махмұтұлы республикалық Бас редакторлар клубы атқарған жұмыстарға тоқталып, алдағы жұмыс жоспарларымен де таныстырды.
- Tweet


Пікірлер (1)
2gnVIa cehefwmsjver, [url=http://izostxzqtywn.com/]izostxzqtywn[/url], [link=http://myodiaptpjwf.com/]myodiaptpjwf[/link], http://qrcrbffobbsi.com/
Оставить комментарий