Журналистерде ішкі мәдениет болуы тиіс
08.11.2013, 20:00
08.11.2013 19:43 Қанат Махамбет
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі «БАҚ және мемлекеттік органдар қарым-қатынасын жақсарту» деген тақырыпта журналистерге арнап семинар өткізді.
Баспасөз қызметкерлерінің алдында «Бас редакторлар клубының» президенті Кенжеболат Жолдыбай, «Жетінші арна» телекомпаниясы бақылау кеңесінің төрайымы Бибігүл Жексенбай, Қазақ радиосының директоры Махат Садық және халықаралық ақпарат академиясының корреспондент мүшесі Сәуле Әшенова сөз сөйледі. Олар Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің масс-медианың кадрлық әлеуетін арттыру туралы тапсырмасы журналистерге зор жауапкершілік жүктейтінін жеткізіп, қазіргі ақпараттық заман тілшілерге әмбебап болу талабын қойып отырғанын баяндады.
Семинарда Б.Жексенбай журналист билік пен халық арасындағы алтын көпір. Ол қоғамдық пікірдің қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Бәсекеге қабілетті болу үшін тілшілер техниканың тілін меңгеріп, ақпарат берудің түрлі тәсілдерін қолдануы керек деген пікірдің жетегінде болды.
С.Әшенова: «БАҚ пен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасын жақсарту үшін баспасөз хатшыларының кәсіби біліктілігі мен ішкі мәдениеті мықты болуы тиіс. Олар өздерінің әріптестерімен тонның ішкі бауындай араласып, тиісті ақпаратты дер кезінде беріп отыруы керек», – деді. Ал М.Садық: «Ақпарат ұшқырлығын, дәлдігін нақтылығын жоғалтпауымен қатар тыңдарманның, көрерменнің және оқырманның сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Жағымды жаңалық қазақстандықтардың көңіл күйін қалыптастырады. Өмір сүруге, алға ұмтылуға түрткі болады. Сондықтан журналистер бұқараға нені, қалай ұсыну қажеттігін тап баса білуі тиіс. Адамдарға не болса соны жеткізіп, сананы улауға болмайды», – дегенді алға тартса, семинарды қорытындылап, қатысушыларға сертификат тапсырған К.Жолдыбай: «Біз қазақтың мүддесі үшін жұмыс істеуіміз керек. Сенсацияшыл болу, тырнақ астынан кір іздеу, түймедейді түйедей етіп көрсету журналистерге абырой әпермейді. Бізге салқынқандылық, сабырлық қажет. Отқа жүгірсек, өзімізді де, өзгелерді де күйдіреміз. Бүгінгі масс-медианың бағыты бөлек, қарқыны қатты. Соның екпініне шыдағандар ғана ақпарат айдынында еркін жүзетін болады», – деді.

- Tweet

Пікірлер (0)
Оставить комментарий