БАҚ және қоғам

08.11.2013, 20:00

08.11.2013 13:19 Дуанабай Жолдасбек
Астанадағы Ұлттық баспасөз орталығында «БАҚ және мемлекеттік органдар қарым-қатынасын жақсарту» тақырыбында баспасөз қызметкерлерімен семинар өтті.
Іс – шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі тарапынан ұйымдастырылып отыр.

Семинар барысында «Қазақстан -2050» Стратегиясы шеңберінде және Мемлекеттік хатшының масс-медианың кадрлық әлеуетін көтерудің кешенді шараларын дайындау жөніндегі тапсырмасына орай ақпаратты - идеологиялық жұмыстардың өзекті мәселелері әрі сапасын көтеру жолдары мұқият қаралатын болады. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік органдардың мемлекет қызметін насихаттау бағытындағы жауапкершілігін және үйлестіру жүйелерін жетілдіру, БАҚ пен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасын жақсарту, баспасөз қызметшілерінің жаңа жағдайда жұмыс істеуіне ықпал боларлықтай кәсіби біліктіліктерін көтеру. 

  • Tweet

Пікірлер (0)