Ислам діні - бұл нағыз демократия - Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы
23.11.2013, 14:22
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Ислам діні - бұл нағыз демократия. Бүгін Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде «Бас редакторлар клубы» мүшелерімен кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлім етті.
Жүздесу барысындағы әңгімеде Бас мүфти басқарма жанынан ақпараттық насихат тобы құрылғанына тоқталып, оның қызметіне де назар аударған болатын. «Шынын айту керек, еліміздің өңірлерінде дәстүрлі діннің не екенін, ағымның не екенін білмейтіндер жеткілікті. Сондықтан да, ақпараттық насихат тобы халықты дәстүрлі исламмен ақпараттандыруды қолға алып жатыр. «Ислам діні - нағыз демократия. Сондықтан да, біз ағымның қандай екенін, оның залалы мен зияны қандай болатынын ажыратып айтуға тиіспіз. Ақпараттық насихаттық тобы адасып жүген бауырларымызбен жеке отырып, сағаттап әңгіме айтуға барады», - деді Ержан қажы Малғажарұлы.
Бас мүфтидің айтуынша, ақпараттық насихат тобының жүргізген жұмысы нәтижесінде бір ғана Жезқазған қаласынан 34 адам адасқанын мойындап, дәстүрлі дінге қайта оралмақ.
«Ақпараттық насихаттық топтың қызметімен біздің мүфтияттың сайтынан да хабардар болып, олардың елдің қай өңірінде, қай ауылда жүргенін біліп отыруға болады. Дегенмен, барша жұмыстарға елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының тигізетін пайдасы зор», - деді Бас мүфти.
http://www.inform.kz/kaz/article/2607928
- Tweet


Пікірлер (0)
Оставить комментарий