Діни басқарма мен жалпы қоғам дін саласындағы келеңсіз құбылыстармен бірлесе күресуі керек - Бас мүфти

23.11.2013, 14:28

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат -Діни басқарма мен жалпы қоғам дін саласындағы келеңсіз құбылыстармен бірлесе күресуі керек.

Бүгін Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде «Бас редакторлар клубы» мүшелерімен кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлім етті.

Сөз басында Бас мүфти әлемде де, егемен елімізде де діни, рухани тұрғыдан өтпелі кезеңде, өткелде тұрғанын айтып, діни ахуалдың жеңіл еместігін тілге тиек етті. «Қоғамдағы дін мәселесі өте өзекті мәселеге айналып барады. Тіпті бүгінгі заманда әлемнің түкпір-түкпірінде неше түрлі кері құбылыс, жат дүние шықса, сол діннің солқылдақтығынан шығып жатыр. Осы тұрғыдан алғанда дін саласын тек Діни басқарманың ғана міндеті етіп жүктеп қою дұрыс емес. Бұл бүкіл Қазақстан халқының соның ішіндегі қоғамдық ұйымдардың да келелі міндеті. Біз дін ісіндегі кері құбылыстармен ел болып күрессек қана өткелден дұрыс өтеміз», - деп атап өтті Ержан қажы Малғажарұлы.

Осы ретте Бас мүфти дін ісіндегі проблемалар тек басқарманың мойнында болмауы керектігін айтып, ондай жағдай Діни басқармаға ауыр тиетінін мойындады.

http://www.inform.kz/kaz/article/2607913

  • Tweet

Пікірлер (0)