«ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫНДА» «MEDIA EXPO-2013» ҚР БАҚ II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

27.11.2013, 13:00

Еліміздің саяси-әлеуметтік, мәдени өміріндегі орыны бөлек оқиғалар – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күніне орай «Қазмедиа орталығында» «MEDIA EXPO-2013» ҚР БАҚ II республикалық көрмесі жұмысын бастады.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Басты мақсаты - БАҚ жұмыстарын көрсету, ақпарат саласында салиқалы бәсекелестікті дамыту, БАҚ пен дүйім жұртшылық арасында тығыз қарым-қатынас орнықтыру болып табылады.

Көрме - озық тәжірибелермен бөлісетін алаң және қазіргі заманғы қазақстандық журналистиканың өзекті мәселелерін талқылайтын, жас журналистерге арналған шеберлік сыныптары мен әдістемелік семинар өткізетін таптырмас орынға айналды. Көрмеге барлық республикалық және аймақтық ақпарат құралдары қатысуда.

 

http://qazmedia.kz/kz/index.php/news/meropriyatiya/681-azmedia-ortaly-ynda-media-expo-2013-r-ba-ii-respublikaly-k-rmesi-ashyldy

  • Tweet

Пікірлер (0)