«Қазконтент» АҚ «MEDIA EXPO - 2013» республикалық көрмесiне қатысты

27.11.2013, 13:00

Астана. 27 қараша. Baq.kz – «Қазконтент» АҚ ҚР Тұңғыш Президентi күнi және Тәуелсiздiк күнi қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен "Бас редакторлар Клубы" ҚБ тарапынан ұйымдастырылған «MEDIA EXPO - 2013» Қазақстан БАҚ-ның II республикалық көрмесiне қатысты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
 

«Қазконтент» АҚ көрмедегі өз стендіне BAQ.KZ ақпараттық агенттігі мен BNews.kz ақпарат агенттігі, Еl.kz әлеуметтік желісі, KazTube.kz бейне порталы, ҚР Премьер-министрінің ресми сайты – primeminister.kz пен «Казахстан-2050» стратегиясына арналған strategy2050.kz сайты жөніндегі таныстыру материалдарын ілді.
«Мен жаңа БАҚ-тың уақыты туып келеді және дәстүрлі БАҚ екінші орынға ығыстырылады деген сөзге күмәнмен қараймын. Меніңше, бұл мүлдем дұрыс емес. Өйткені, ақпараттық ресурстар бірін-бірі жоққа шығармауы керек, керісінше, өзара толығуға тиіс», - деді «Бас редакторлар Клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай.
Жалпылай алғанда, көрмеге еліміздегі жетекші 30 БАҚ-тың стендтері қойылды және медиа-мектептер мен PR-агенттіктер өздерін таныстыруға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, бұл шара екі күн бойы – 27 және 28 қараша аралығында өтетін болады.

http://www.baq.kz/news/39877

  • Tweet

Пікірлер (0)