Астанада «Ұлы дала арулары «Әйел болу да өнер» атты таныстыру шарасы өтті

08.02.2014, 21:00

Бүгін Астанада «Отбасым» Ұлттық құндылықтар орталығының тұсаукесер рәсіміне арналған «Ұлы дала арулары «Әйел болу да өнер» атты таныстыру шарасы өтті. Тұсаукесер бағдарламасында танымал қазақстандық дизайнер Айдархан Қалиевтің бірегей неофольклор топтамасы, сондай-ақ қазақтың «Қыз ұзату» және «Келін түсіру» дәстүрлері көрсетілді.

Бұл шара ұлттық-мәдени мұрамызды дамытуда маңызды рөл атқарады және қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға септігін тигізеді. Бұл шараның басты ерекшелігі – онда ән үлгілерін еліміздің іскер әйелдері көрсетті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен құрылған «Отбасым» Ұлттық құндылықтар орталығы, «Деловой Мир Астана» баспасы, Тәуелсіздік сарайы, Бас редакторлар клубы.

Іс-шараның қонақтары – ҚР белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, елшіліктердің, министрліктер мен ведомствалардың өкілдері, депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдары.

«Отбасым» Ұлттық құндылықтар орталығы– бұл өз уақытын, күші мен білімін пайдалана отырып, ұлттық отбасылық құндылықтарды жаңғырту мен насихаттау ісіне жеке үлесін қосуға ниет еткен азаматтардың қоғамдық ұйымы. Орталықтың миссиясы – қазіргі заманғы қазақстандық отбасы үшін халқымыздың ұлттық-мәдени мұрасын дамытуға үлес қосу.

http://ortcom.kz/news/astanada-yili-dala-arulari-eioel-bolu-da-oner-atti-tanistiru-sharasi-otti.3496

  • Tweet

Пікірлер (0)