Айтар ойы бар аймақтық жиын

29.08.2026, 16:29

Облыстық әкімдігі ішкі саясат басқармасының тікелей көмегімен жергілікті Бас редакторлар клубы ұйымдастырған жылдағы дәстүрге айналған бұл жиынға негізінен, облыстық әр деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері және Ресей Федерациясының шекаралас орналасқан аймақтарының БАҚ басшылары қатысты. Жиында сөйлеген Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Әбдіхалықов, Парламент Сенатының депутаты, академик Ғ.Ecім, республиканың Бас редакторлар клубының президенті К.Жолдыбай, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ж.Кенжалин журналистер қауымының өз қызметіне адал әpi аса жоғары жауапкершілікпен қарауларына, билік пен БАҚ арасында іскерлік қарым-қатынас ахуалының берік орнығуына, олардың ортақ ұлттық мүддемізді iске асыруда бip болуларына назар аударды. Сенатор Ғ.Eciм қаламгерлер алдындағы мақсат пен міндеттерін сөз ете отырып, журналистерді хакім Абайдың өмірлік қағидаттарына, әcipece, ұлы ойшылдың «Адамзаттың бәpiн сүй» деген өсиетіне бepіктік танытуға шақырды.

Медиафорумда сөйлеген шешендер елімізде Журналистік этика кодексін заман талабына сай жаңа үлгіде қабылдау кepeктiгiн айтты. «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы, Қарағанды облыстық Бас редакторлар клубының жетекшісі В.Рыжков, «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі С.Горбунов, Журналистер одағының Павлодар облыстық бөлімшесінің төрағасы Ю.Поминовтың сөздері жиынға қатысушы журналистер қауымына жақсы әсер қалдырды. Сондай-ақ Hoвociбip облыстық Журналистер одағының төрағасы А.Челноков екі елдің аймақтық журналистер қауымдастығының мәселелері үндес болғандықтан, БАҚ-тардың халықаралық федерациясын ұйымдастыруға ұсыныс жасады. Еуразиялық зерттеулер институтының медиа-жобалау директоры А.Строев медиафорумда сөзге тиек етіліп отырған мәселелердің Ресейге және ТМД елдерінің көпшілігіне тән екенін айта келе, оны дұрыс шешуде Қазақстанның тәжірибесі үлгі боларлықтай екеніне ризалық білдірді.

Телевизия және радио хабарларын  тарату халықаралық Еуразия академиясының вице-президенті, РФ мемлекеттік кеңесшісі Кипpac Мажейка журналистерге арнап этика және құқықтық нормалары, БАҚ пен қоғамдық институттардың өзара байланыстары мәселелері тұрғысында әңгіме қозғаса, облыстық «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» газеттерінің редакцияларында өткен семинарлық отырыстарда отандық бұқаралық ақпарат құралдарын заманға сай жаңғырту маңыздылығын әpi БАҚ саласы журналистік этиканың Ұлттық кодексін жаңартып, соның нақты үлгілері бойынша жұмыс icтey кepeктiгi айтылды.

Мәртебелі жиында ресейліктер тарапынан қазақстандық журналистерге iзет көрсетілді. Атап айтқанда, жергілікті Бас редакторлар клубының төрағасы, «Айқын» газетінің меншікті тілшіci, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор М.Омаровқа Телевизия және радио хабарларын тарату Халықаралық Еуразия академиясының академигі атағы беріліп, бірқатар журналистер Құрмет грамоталарымен марапатталды.

http://www.aikyn.kz

  • Tweet

Пікірлер (0)