Журналистердің этикалық кодексі ақпарат бостандығының мүддесіне қызмет етуі тиіс
14.09.2026, 15:59
Өркениет әлеміне ұмтылғанда қазақ журналистикасының өткірлігі мен ашықтығы, жеделдігі және жариялылығы ауадай қажет. Қазақ баспасөзінің алғаш қарлығашын ұшырған Алаш зиялылары да мемлекеттің гүлденуіне журналистика арқылы ықпал етуді армандап өткені тарихтан белгілі. Қазір Қазақстан Журналистер одағы қоғамдық ұйымы Қазақстан Журналистер одағының этикалық кодексінің жобасын әзірлеп, оны жаппай талқылау үстінде.
Қоғам алдындағы өз міндеті мен жауапкершілігін терең сезіне білу, іскерлікті, кішіпейілділікті, мәдениеттілікті қастерлеу - журналистің кәсібіне, күнделікті қызметіне әбден сіңісті болуы қажет. Адал әрі әділ болу - журналист этикасының ең бір игі қасиеті емес пе?!
Осы орайда біз журналистер кодексі жобасын әзірлеу жұмысшы тобының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы Астана қалалық филиалының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Мағжан Садыханұлын әңгімеге тартқан едік.
- Мағжан Садыханұлы, журналистің кәсіби парызы дегенді қалай түсінесіз?
- Бүгінгі таңда ашық пікір айту мен сөз бостандығы журналистің негізгі құқығы екендігі айдан-анық. Бұл түптеп келгенде бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің бұлжымас шарты дер едім. Кәсіби парыз - баршамызға белгілі журналистің іс-әрекетіндегі кәсіби тәрбиелік қарым-қатынастан бастау алатын міндет. Журналист ар-ұяты оның адами болмысымен бірге өсіп-өнеді. Журналистің ар-ұяты - күллі іс-әрекетінің өлшемі, көрсеткіш нәтижесі іспетті. Егер де журналист тәрбиелік, этикалық заңдылықтарды бұзып, оған қайшы келетін іс-әрекет жасаса, ар-ұятының деңгейі төмен екендігі белгілі болады.
Рас, «қоғамды журналист өзгертеді» деп жатады, бұл да - дұрыс пікір, оған еш таласым жоқ. Журналист - әшкерелеуші, сыншы, ақиқатты айтушы. Алайда қазіргі жағдайда журналист жалғыз. Себебі қоғамның, биліктің, мемлекеттің мүддесін қорғайтын журналистің өзі қорғансыз. Оларды қорғап отырған белсендіні көріп отырған жоқпыз. Ал шын мәнінде оның жасап жүрген еңбегінің маңыздылығы, халықтың жүрегіне жеткіземін деген ақпараттық ізденісі қандай құрметке болса да лайық.
Біздің елде Сенат өкілін қорғайтын бап бар, Үкіметтің лауазымды тұлғаларын қорғайтын бап бар, депутатты қорғайтын заң бар. Ал күні-түні елдің қызметімен жүрген журналист қорғаусыз. Оны ешбір заң да қорғамайды, қоғам да қорғамайды.
Мысалы, шенеуніктерді сынап, олардың маңайына туған-туыстарын топтастырып алатынын айтып, ащы сынды жұрт назарына ұсынып жүрген журналистердің ауыр соққыға жығылып, тіпті өлім аузынан қалғанын бүкіл қоғам біледі. Журналист басында осындай, тіпті бұдан да қиын жағдайлар болып тұрады. Ол камераны сындыру, журналисті итеріп жіберу, кеңседен қуып шығу, оларды сот процестеріне қатыстырмау да бар. Мұндай қоғам - ауру қоғам, мұндай ұстаным билік бағытының демократиядан ауғандығын, әділ таразыға атүсті қарап отырғанын көрсетеді.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы журналистерінің этикалық кодексі қабылданбайынша, іс оңға баспайды. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де журналиске құрмет ерекше болған.Тіпті «тілші келе жатыр» деген сөз бүгінгі «сот келе жатыр» деген түсініктей қабылданатын. Мұндай баға оның өктемдігіне, озбырлығына қатысты емес, ақиқатты ашушы, ақпаратты таратушы есебінде қабылданғанына қатысты айтылған ғой.
- Осы орайда Қазақстан Журналистер одағы журналистердің этикалық кодексінің жобасын әзірлеуге мұрындық болып, оны екі-үш айдан бері талқылып жатқандарыңыздан хабардармыз. Сонда бұл кодекс не үшін қажет?
- Кодекс жобасын әзірлеуде әртүрлі алып-қашпа сөздер де айтылып жүр. Кейбір әріптестеріміз «кодекстің жобасын Ақпарат министрлігі әзірлепті» дегенді тілге тиек етеді. Бұл дұрыс емес. Біле-білсеңіз, журналистердің этикалық кодексінің алғашқы жобасы 2000 жылдың басында республика Журналистер одағы мен Журналистер конгресінің сол кездегі төрайымы, қазіргі Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның бастамасымен жасалынып, оның мәтіні «Казахстанская правда» газетінде кезінде жарияланды.Бірақ басқару органдарынан тиісті қолдау болмағандықтан кодекс қабылданбай қалды. Қазіргі жаңадан жасалынып жатқан этикалық кодекстің жобасын журналистердің қызу талқылауы алғаш Астанадан бастау алып, бұдан кейін Павлодар, Алматы, Қарағанды облыстары мен Семей қаласында жалғасты.
Журналистердің этикалық кодексі Батыс елдерінің бірқатар елдерінде, оның ішінде көршілес Ресей мемлекетінде жұмыс істеп жатыр.Сондықтан оған үрке қарайтындай ештеңе жоқ. Бәрімізге мәлім, Елбасы еңбек қоғамына 20 қадам бағдарламалық мақаласында әрбір қазақстандыққа қамқорлық көрсетуді мақсат тұтқан. Бұл әлеуметтік мәселенің түйінін шешуге мүмкіндік береді.Жасыратыны жоқ, еліміз Еуропа елдерінің әлеуметтік даму сапасының деңгейіне жақындады. Дамудың осындай сатысының баспалдағымен журналистер де биіктеу керек емес пе?! Сондықтан Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен біздің алдымызға Қазақстан Республикасы журналистерінің этикалық кодексін қабылдау міндеті қойыл-ған болатын. Дәл бүгінгідей алмағайып заманда журналистер үшін кодекс ауадай қажет дер едім. Демек, Қазақстан журналистерінің этикалық кодексі ақпарат бостандығының мүддесіне қызмет етуі тиіс.
Журналист этикасы кодексінің негізгі мақсаты жөнінде өз пікірімді айтар болсам, ол өз халқының озық дәстүрінен нәр ала отырып, имандылыққа бой түзеп, қоғамдық мейірбанды да салауатты ортада тәлім-тәрбие алып, өсіп-жетілуге тиіс. Журналист - кәсіп иесі. Сондықтан оның әрбір қимылы белгілі бір адами, кәсіби парызбен өлшенуі керек. Кейбір журналистер еш нәрсеге жіті мән бермей, кәсіби әдептілік сатының биігіне «өзінің өмір сүру қағидасы» арқылы көтеріліп, кемшіліктер жіберген тұста этикалық кодекс немесе канондар арқылы ақталып жатады.
Жасыратыны жоқ, кейде шектен шығу салдарынан кейбір тілшілер тіпті арсыз атанып та жатады. Бұл жағдайда өз қатесін дер кезінде түзетуге шешім қабылдамаса, оның алда әлі де талай қиындықтарға тап болары сөзсіз. Журналистер арасындағы мұндай өрескел жайттар көбінесе өзін-өзі жоғары бағалаудан, этикалық тәртіпке бағынбаудан келіп туындайды.
Көп ретте олар өз бойындағы қабілеттің жоқтығын есепке алмай жатып, журналистер барлық кінәні тек кәсібіне арта салады. Сондықтан да ең алдымен, журналистика мамандығын таңдап, оны меңгеру үшін оның маңыздылығы мен қажеттілігін терең сезіну қажет. Кәсіби кодекс - еңбек етуші әр тілшінің жұмыс істеу барысында өз-өзін ұстауына қызмет етпей ме? Яғни этикалық кодекс - бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әдептіліктен аспай, еңбектің жақсы көрсеткіштерін көрсетіп, қоғамдағы өз орнын ақтай білуге бастайды. Кодекс пен кәсіби моральдың арасында айырмашылық бар. Кодекс моралі қоғамға қызмет етеді. Ал кәсіби мораль парасаттылыққа бастайды.
Демек, журналистің жеке басының тәрбие деңгейін, мәдениеттілігін, әдептілігін, қоғам алдындағы парызын қалай түсінетіндігін аңғартатын этикалық кодекстің берері мол. Оның үстіне, журналист этикасы - қоғамда, әлеуметтік ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ белгілі тұлғалар, ұжымдық топтармен арадағы қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан оның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Қоғам және халық арасындағы үлкен жауапкершіліктің өзі әр журналиске моральдық-этикалық және имандылық иірімдерінің игі қасиеттерін игеруді де талап етеді.
Шындығын айтсам, журналистердің этикалық кодексін, кәсіптік әдебін терең біліп, оны зерттеу - Қазақстан журналистикасы үшін маңызды мәселелердің бірі. Өйткені бұл проблемаға - соңғы жылдары ғана назар аударыла бастағаны болмаса, әлі ғылыми тұрғыдан да, кәсіптік шеберлікке қатысты да байыпты ой айтылған жоқ. Ал ұлы ойшыл әл-Фараби этиканы, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді.
- Этика кәсіби моральдың құрылымын зерттейтін ғылым десек, журналиске моральдық нормаларды ұстану - ең бір қажетті қасиет екендігі мәлім. Сонда этикалық кодекс арқылы журналистер өз құқын қорғауға да мүмкіндік ала ма?
- Бұл жерде «кодекс қабылданса, бәрін қалпақпен қағып аламын» деген біржақты пікір қалыптаспауы керек.Жоғарыда айтқанымдай, кодекс парасаттылықтың пәрменіне айналғанда ғана БАҚ-қа деген қоғамдық көзқарастың құдіреті артады. Осы орайда ең бірінші, журналистердің этикалық кодексі университетте білім алып жатқан болашақ журналистер үшін ауадай қажет екендігін естен шығармағанымыз жөн. Кодекс кітапшасы сол студент жастардың қолында жүруі керек емес пе?!
Мысалы,этикалық кодекстің жобасында мынандай жолдар бар: «Сөз бостандығы мен пікір айту құқығын жүзеге асыру кезінде, журналист өзіне жүктелген қоғамдық жауапкершілікті толық ұғынып, қоғамдық мүддеге зиян келтірмеуді ұдайы қадағалауы тиіс». Бұл тәртіптілік табиғатын айтып тұрған ақиқат емес пе?!
Журналистің кәсіби этикасы - ғылымның ең кенже салаларының бірі. Оның тарихы тәуелсіздік алған жылдардан бастау алады. Оған дәлел ретінде осы уақытқа дейін журналистің кәсіби этикасы жайлы оқулықтардың жарыққа шықпауын айтуға болады. Ал педагогикалық мақсатта тек ғылыми монографиялар қолданылады. Соңғы жылдары Ресей ғалымдары журналистикадағы этикалық ғылымға шындап көңіл аудара бастады.
Журналистердің жазған еңбектері, ең бастысы одан шыққан қорытындылары көптеген бұқара халықтың мүддесіне тиісті болып табылады. Себебі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның көзқарасы, оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп отырады. Журналиске қойылатын моральдық талаптың қиындығы жоқ, тек талапты дұрыс пайдалана білу қажет. Тіпті егжей-тегжейлі қабылданған кодекстің өзі журналистің аяқасты тап болған оқиғасына түсінік бере алмауы мүмкін. Бұл кезде тек журналистің кәсіби этикасы мен ар-ұяты ғана маңызды рөл атқарады.
Газет-журнал - бүгінгі ақиқат заманында толассыз келіп жатқан алуан түрлі мәліметтердің топтамасы емес, тақырыптық, идеологиялық, жанрлық ерекшеліктеріне орай реттеліп, топтастырылып берілетін ақпараттық хабарламалардың күрделі жүйесі. Соңғы жылдары БАҚ жайлы сөз қозғалғанда журналистік этика,баспасөздің этикалық әдебі, яғни кәсіптік әдеп туралы жиі айтылуы уақыт талабынан туындап отырған мәселе.
Қазақтың біртуар ұлы, ғұлама Әлихан Бөкейханов: «Еуропада газет - ғұмыр айнасы. Ғұмырда не болса, бәрі газетте көрініп тұрады. Газетті оқып, жұрт өзін-өзі көреді, өзін-өзі біледі» . Араға ғасырға жуық уақыт салса да бұл сөз өз мәнін жойған жоқ. Сол баяғы журналистердің жанкештілік әрекетпен арқалаған жүгі әлі жеңілдеген емес. Бүгінгі журналистика пәрменділігі қаншалықты, беделі мен ықпалы қай деңгейде? Мәселенің бір мәнісі осында жатыр.
- Осы ретте журналист мәртебесі жөнінде не айтар едіңіз?
- Егер журналистің мәртебесін арнайы заңмен, арнайы құжатпен бекітіп белгілейтін болсақ, онда ол бәрібір журналистің мәртебесін, журналистің беделін көтермейді. Журналистің құзыретін арттыру үшін журналистер ең алдымен өздері беделді, абыройлы болуы керек. Қазіргі журналистиканың тоқырап тұрған жағдайының бірнеше себебі бар. Біріншіден, оларға бақылау күшті. Ол абайсызда бірдеңе айтып қалсыншы, оны бірден «ар-намысыма тидің» деп сотқа сүйрейді. Міне, осы ретте этикалық кодекс тілшіге көмекке келері сөзсіз.
Мемлекеттік тапсырыстар, тендерлер мәселесі оларды тек жағымды дүниелер жазуға ғана итермелейді. Бұл журналистің кәсіби деңгейін төмендетеді. Оқырман, телекөрермен журналистен осындай мақала, осындай телехабар алғаннан кейін оған сенбейді. Ақшасы төленген, арнайы тапсырыс мақалалар өздері-ақ белгілі болып тұрады. Оқырман да жас бала емес. Бәрін бірден ажырата алады. Сондықтан да біз журналист мәртебесін, ең алдымен, қоғам қажетсініп отырған, өте жақсы талдамалы, сыни дүниелер жазып, ақиқатты объективті беру арқылы ғана көтереміз. Ал редакция басшылығы журналиске осындай мүмкіндік, осындай еркіндік беруі керек. Қазіргі журналистика деңгейі бұл дәрежеден әлдеқайда төмен.
Өткен жиырма жылғы деңгеймен салыстырсақ, қазір тіпті бірдеңе жазуға қорқатын дәрежеге жетті. Журналиске редактордан бастап, бөлім меңгерушілеріне дейін «ананы жазба, мынаны жаз, анау болмайды, мынау болады, ананы мақта, мынаны жақта» деген шек қояды. Сондықтан да журналистің беделі төмен. Журналистер өз аудиториясынан, өз оқырманынан айырылып қалды. Қазіргі қазақстандық кеңістік өзге елдің өнімдерін қанағат тұтып қана жүр. Оларды, әрине, шектеудің қажеті жоқ. Бірақ отандық ақпарат құралдары басқа елдің ақпарат құралдарына бәсекелес бола алуы керек. Сонда ғана журналист мәртебесі өздігінен-ақ анықталатын болады.
- Кәсіби міндет баршамызға белгілі журналистің іс-әрекетіндегі кәсіби тәрбиелік қарым-қатынастан туындайды. Бұл кәсіби тәрбиелік қарым-қатынаста «кәсіби жауапкершілік» пен «кәсіби ар-ұяттың» тығыз байланыстылығы туралы не айтасыз?
- Шындықты қастерлеу, оны білгісі келетін қауымның құқығын құрметтеу - журналистің мәртебелі міндеті. Осы ретте данагөй ғұлама әл-Фараби: «Қайырымдылық екі түрлі болады: этикалық және интеллектуалдық. Интеллектуалдық - жанның ақыл-парасаттық жағына жататын, қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық - жанның ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді. Этикалық қайырымдылықтар мен жаман қылықтар адам жанында адамгершілік сападан туатын әрекеттердің белгілі бір уақыт бойына көп рет қайталануы және оған бой үйренуі нәтижесінде пайда болып, тұрақтайды» деп жазған болатын.
Журналист моралі - шынайы ақпаратты тауып алу құқығын шектеп, кедергі келтіріп отырған жөнсіздікке қарсы кәсіби топтардың берген жауабы іспетті пайда болған дүние. Жалпы, кәсіби моральды белгілі топтарға қатысты қарастырған дұрыс. Ал норма - кәсіби моральдың ең алғашқы элементі болумен бірге, мінез-құлық, ар-ожданның қоғамға қажетті, ортақ әрі әдеттегі нұсқаларды анықтап, мойындалмаған әрекеттерге тыйым салу секілді негізінен сүзгіштің рөлін атқарады.
Журналистиканың даму деңгейі, қоғам арасындағы беделі әрбір басылымның, жеке журналистің қызметіне, баспасөз бостандығының қандай дәрежеде пайдаланылып жүргеніне тікелей байланысты. Демек, біздің елде демократия орнады деп сөз бостандығын теріс пайдаланып, кез келген ақпаратты жария етуге болмайды. Журналист әдептілігінің бір міндеті - адалдық. Осы міндетті шын мәнінде орындайтын журналист ешқашан да өзінің қызметі беретін мүмкіндіктерді жеке басының немесе туған-туыстарының мүддесі үшін пайдаланбайды. Қандай жағдай болмасын, БАҚ-ты лайықсыз мақсаттарға жету үшін, өзіне ұнамаған азаматтарды қудалау, олардан кек алу үшін пайдалануға жол берілмеуге тиіс. Сонымен қатар журналист оқырман, көрермен, тыңдарман, кейіпкер алдында адалдықты сақтауға тырысу керек. Кей кездерде журналист сұхбат жүргізген уақытта кейіпкерге уәде беріп, одан оның жеке басының құпиясы болып табылатын ақпаратты алады, ал кейін бұл уәдені орындамай, хабарды жария етеді де, кейіпкерді қатты ренжітіп алады. Кейде кейіпкердің өзі берген сұхбатын танымай қалатын жағдайлар да болады.
- Енді жаңа қабылданғалы жатқан Қазақстан Республикасы журналистерінің этикалық кодексінің жобасына біршама талдау жасап берсеңіз?
- Бұрын журналист үгітші, насихатшы және ұйымдастырушы деп аталып келді, енді оның негізгі қызметі - қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету. Әрбір журналист өзі үшін өзі жауап беруге міндетті, жария етілген әрбір сөзі, әрбір материалы үшін автордың өзі жауапты болады.Мұнымен қатар, журналист жеке басының тәрбие деңгейін, мәдениеттілігін, әдептілігін, қоғам алдындағы парызын қалай түсінетіндігі кодексте нақтылы айтылады.
Бұл кодекстің негізгі мақсаты - демократия мен жариялылық жағдайында сөз бостандығын теріс пайдалануға жол бермей, журналистиканың мәдениеттілігі мен әдептілік дәрежесін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.Негізі құжаттың жобасы сегіз баптан тұрады. Кодекстің «Кәсіби парыз» деп аталатын бірінші бөлімінде журналистің кәсіптік этикасының негізгі міндеттері айқындалған. Екінші бапта журналистің әлеуметтік жауапкершілігі, үшіншісінде адалдық және әділдік, төртіншісінде - шыншылдық пен объективтілік. Бесіншісінде - дереккөздер және құпиялық, атыншы бапта- жеке өмірді, ар-ожданды және іскерлік репутациясын құрметтеу. Жетінші бапта - бәсекелестік және ынтымақтастық. Ал сегізінші бапта қорғау және жауапкершілік мәселесі қамтылған.
Қабылданғалы отырған журналистердің этикалық кодексі туралы өз ойымды нақтырақ айтайын. Мәселен, журналистің әлеуметтік жауапкершілігін алайық. Қазіргі кездегі журналист ең алдымен қоғам, оқырман, көрермен, тыңдарман алдында жауапты, жұртшылыққа қызмет етіп, ақпаратпен қамтамасыз етеді. «Журналистің кәсіби қызметі қоғамға және жеке тұлғаның игілігіне, қоғамның тұрақтылығы мен демократиялануына, Қазақстанның көпұлтты халқының әлеуметтік өрлеуі мен бірігуіне бағытталуы тиіс» [2.3].
Шындығында, журналист бүкіл қоғам үшін қызмет жасайды, яғни адамдардың жаңалыққа деген сұранысын қанағаттандырады. БАҚ-тың аудиториясы өте кең, олардың тарататын хабарларының жетпейтін жері жоқ. Сондықтан да журналист өзінің қызметін ойдағыдай атқаруға тиіс. Бұл үшін ол өзінің мамандығын терең меңгеріп, шеберлікпен жұмыс жасау керек. Журналист әлеумет мүддесін көздейді, халықтың мүддесіне жат, Конституцияға, демократияға қайшы келетін нәрселер журналист үшін де жат болу керек. Журналист моральдық, этикалық жанынан таза болуға тиіс, сонда ол өз жұмысын жақсы атқарады.
Жоғарыда айтылғандай, журналист міндеті - мемлекеттік, қоғамдық маңызы зор оқиғалар жөнінде дер кезінде ақпарат беру. Ол қоғам алдында ұсынып отырған хабары үшін жауапты болады, демек, оның баспасөз, телевизия немесе радио арқылы таратқан жаңалығы шындыққа сай болуға тиіс. Сонымен қатар «БАҚ туралы» заңда және кодексте көрсетілгендей, баспасөз, теледидар, радио арқылы қоғам мүддесіне сай келмейтін, жеке азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын бұзатын ақпаратты жариялауға жол берілмейді.
Журналистер этикасының тағы бір міндеті - шыншылдық және объективтілік. Журналист еңбегіне қойылатын негізгі, маңызды талаптардың бірі - ақпараттың шыншыл, әділ болуы. Қызметкері өзі жария еткен хабар-ошары арқылы өмірдің көрінісін жасайды, бұл көрініс шындыққа сай болу үшін, журналист болған оқиға, фактіні сол күйінде, өңін айналдырмай, өзгертпей, еш нәрсе қоспай оқырман, көрермен, тыңдарманға жеткізуге тиіс. Сонда ғана адамдар орын алған өзгерістер, құбылыстар туралы нақты түсінік ала алады. Әрине, фактілер жағымды да, жағымсыз да болады, сол себептен шыншыл, әділ болу оңайға түспейді. Бірақ журналист мамандығы осыны талап етеді, демек, журналист фактіні іріктеу, бағалау, өңдеу, тарату кезінде объективтілік принципін басшылыққа алуға тиіс.
«Тура биде туған жоқ» дегендей, журналист болған жайға, фактіге әділ көзбен, шыншылдықпен, ешқандай бөтен ықпалсыз қарап, салқынқандылықпен таразылау керек. Журналист бүкіл қоғам үшін қызмет етеді, соған жауап береді, сондықтан ол белгілі бір топтың, таптың мүддесін емес, бүкіл қоғамның мүддесін көздеуге тиіс. Журналистің қоғамдық маңызы бар ақпаратты жасыруға, фактіні біреудің пайдасына бұрмалауға құқығы жоқ. Демократиялық жолға түскен мемлекетте фактіге, жаңалыққа деген көзқарас өзгеше болады. Сөйтіп, журналист шыншылдық пен объективтілік міндетін басшылыққа алу керек.
- Журналистік этика кодексінің жобасын-да әлеуметтік жауапкершіліктің айтылуын қалай түсіндіресіз?
- Ең алдымен журналист материалды жазбас бұрын фактіні тәптіштеп тексеріп алуы керек. Өйткені фактілерді бұрмалау, ешбір дәлелі жоқ пікірлерді жария ету, ойдан шығару, өтірік ақпаратты тарату сияқты нәрселерден аулақ жүріп, арына кір келтірмей, ұятқа қалмау керек. Кемшілік, қате жіберіп қалған жағдайда журналист міндетті түрде газет-журнал, теледидар немесе радио арқылы кешірім сұрап, кемшілікті мойындап, теріске шығаратын материалды жариялауға тиіс.
Жеке адамның ар-намысы мен мәртебесін қадірлеу - журналист парызы. Журналист өз қызметін атқару барысында адамдардың құқықтарын қорғап, адамның жеке басын құрметтеуге тиіс. Адамдардың жеке құқықтарына Конституцияда кепілдік берілген: «Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен ажырамас құқығын ең қымбат қазына деп таниды және өз қызметін азамат пен қоғам мүдделері үшін жүзеге асырады» немесе: «Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды» [6]. Кез келген журналист қоғам үшін қызмет етіп, оның жеке азаматтарын сыйлауға міндетті, өз қызметінің объектісі болған адамдардың ар-ожданы мен адамдық мәртебесін қадірлеуге, олардың жеке өміріне араласпауға тиіс. Миллиондаған аудиториясы бар, ықпалы өте зор баспасөз, телевизия мен радио арқылы жеке адамдарға тіл тигізіп, жала жабудың келтірер зияны өлшеусіз. Даулы мәселелер туралы жазғанда журналист өте сақ, әдепті болуға тиіс, кінәсі анықталған азаматтар жөнінде ақпарат жариялаған кезде де сөздерді таңдап, неғұрлым сыпайы болғаны дұрыс.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу арқылы журналистердің басшылыққа алар келесі міндеті - кәсіби ынтымақтастық. Журналист әрдайым өз мамандығының беделін көтеруге ұмтылу керек. Бұған жету үшін журналистерге моральдық, материалдық жағынан жағдай жасалуы тиіс.
Журналист этикалық кодексті қашанда құрметтеуге, оны аяқасты етпеуге тиіс. Жазған жарияланымдары қаншалықты сәтті шығып, ел ықыласына бөленген сайын ол соншалық кішіпейіл, елгезек, адал бола түсуі керек. Себебі журналист мамандығының бір ерекше-лігі, ол үнемі елдің көзінде, халықтың бақылауына болатындығы. Оқырман журналистің жазған әрбір мақаласына баға беріп отырады. Оның жазған дүниелерінен менменсіген, мақтанған сыңай байқалса, автордың өзінен бұрын оқырман дереу сезіп қояды. «Біреу болмаса да біреулер сырттай бақылап отыр» дегенді журналист естен шығармауы керек. Сондықтан журналист адам өзінің жеке басының мүддесін ешқашан да қоғамдық, халықтық ортақ мұраттан жоғары қоймайды.
Өз міндеті мен жауапкершілігін терең сезіне білу, іскерлікті, кішіпейілділікті, мәдениеттілікті қастерлеу - журналистің кәсібіне, күнделікті қызметіне әбден сіңісті болған этикалық қасиет болып табылады. Адал әрі әділ болу - журналист этикасының ең бір игі қасиеті. Өмірдің объективтік шындығын көпке жеткізуші, сол арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырушы, төртінші билік иелерінің ешқашан да өтірік айтуға, жалған ақпарат таратуға қақысы жоқ. Бұл екінші жағынан журналист этикасының да қастерлі қасиеті болып табылады. Қазақта «Айтпаса, сөздің атасы өледі», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген тамаша сөздер бар. Бұл адал журналистің қашанда ұстанатын қағидасы іспетті болуы қажет.
- Бізде үйсіз-күйсіз жүрген журналистер көп. Көбі пәтер жалдап тұрады. Олардың жай-күйі болашақта шешіледі деп ойлайсыз ба?
- Рас, тілшілердің әлеуметтік тұрмыстық жағдайы өз деңгейінде қорғалмаған. Сондықтан «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға түзетулер енгізіліп, журналистерге де пәтер алуда жеңілдіктер қарастырылғаны жөн. Бұл жөнінде журналист - Сенатор Жабал Ерғалиев жақсы бастама көтеріп, қолжетімді баспана бағдарламасында журналистер ұмыт қалмауы керек деген жанайқайының жөні
бар. Үкімет халық қалаулысының сөзіне құлақ асар деген ойдамыз.
Осы ретте жас журналист мамандарды әзірлеу тұрғысында да ойымды айта кетсем. Бұл күнде газеттерге де, теледидарға да ізденімпаз, іскер жас журналистер керек-ақ. Ал оны оң шешудің нәтиже беруін келешекті ойлайтын басшы, қосшы азаматтар бірлесе, ақылдаса шешетін кез келді. Себебі газеттер, теледидар - өмір айнасы, халықтың тілі, үні ретінде жемісті жұмыс жасауы керек. Ол - журналистер қолымен, шеберлігімен жасалатын абыройлы да жауапты жұмыс.
БАҚ өкілдері «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болуда хал-қадерінше еңбектеніп жатыр. Ал олқылықтарға келсек, еліміздегі өзге де көптеген ақпарат құралдарына тән өткір әрі шынайы сынның жоқтығы, журналистік зерттеулердің аз жүргізілуі қынжылтады. Тек «Астана» телеарнасында берілетін «Ақиқат алаңы» бағдарламасына қазір көрермендер көп назар аударуда. Бұл бағдарлама «Нұр Отан» партиясының жанындағы партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рақымбековтың тікелей басшылығымен жүзеге асып отыр.Мұнда сыбайлас жемқорлықтың нақты дәлелдеріне журналистік зерттеу жасалынады. Шенеуніктер сынға алынады.
Тағы бір айтатын нәрсе, телеарналарда тілге жүйрік, әдеби жазуға сауатты өзге мамандық иелеріне телевизиялық жұмыстардың қыр-сырын үйретіп, оларды тәжірибеден өткізу арқылы қолдан маман жасап, дайындау жиі кездеседі. Бұл сол маманның әрі қарайғы ізденуі мен жұмысын жандандыруына байланысты кейде сәтті, кейде сәтсіз аяқталып жатады.
Меніңше, «оқып журналист болу» деген ұғымның өзі қызық естіледі. Шығармашылықтың өзге саласы сияқты журналистика да белгілі бір шеңберге сыймайды, белгілі бір қағидаға бағынбайды. Дегенмен кәсіптің түрі болып қалыптасқаннан кейін болар, сол бағытта арнайы білім алған адам журналистік қызмет атқару керек дегенге құлағымыз әбден үйренісіп қалған. Ал енді сол оқыған журналистердің аз болуына себеп көп. Солардың бастысы - біздің жағдайда мамандықты игерудің қолжетімсіздігі.
Өзге олқылықтарын қайдам, ақпарат құралдарының көзге ұратыны толыққанды - «қоғамдық қару» бола алмай отырғандығы. Әлі күнге дейін халықтың сенімін ұялата алмағандығы. Қазір журналистер сенсацияға әуес. Ақпараттың салмағынан гөрі, санына көбірек көңіл бөлетіндігі.
Жалпы, баспасөздің, теледидардың негізгі тақырыбы - қашан да жасампаз замандастарымыз, олардың тұрмыс-тіршілігі, халқымыздың береке-бірлігін бүгінгіден де көбірек, байыпты түрде жазып-көрсету екендігін есте ұстау, сол бағытта жұмыс жасау - баршамыздың басты міндетіміз, қаламгерлік парызымыз деп білемін.
Журналист - қоғамды тәрбиелейтін, көпке үлгі көрсететін мамандық иесі. Былайша айтқанда, ел зиялыларының қатарында. Сондықтан да журналистердің этикалық кодексін қабылдау арқылы ғана біз журналистің беделі мен абыройын одан әрі көтеретін боламыз.
- Әңгімеңізге көп рақмет!
Сұхбаттасқан Айхан Шәріп
- Tweet


Пікірлер (46)
f4cu8Q fjrgipsyctkz, [url=http://mosxwhjnxqym.com/]mosxwhjnxqym[/url], [link=http://zgddeafvlwba.com/]zgddeafvlwba[/link], http://wgakccoemcvs.com/
Thiiknng like that shows an expert at work
Good point. I hadn't thuhogt about it quite that way. :)
Wow! Great tnhinkig! JK
Now we know who the sseinlbe one is here. Great post!
I never thohugt I would find such an everyday topic so enthralling!
A few years ago I'd have to pay someone for this inofrmatoin.
6QDtMQ Great post.Thanks Again. Want more.
JYIeHp Thanks a lot for the post.Really thank you! Cool.
J0cEdC This is one awesome blog. Much obliged.
KoNHJ4 Thanks again for the blog article.Much thanks again. Great.
NktddG I value the blog post.Really looking forward to read more. Really Cool.
rt2W1A I really liked your blog article.Thanks Again.
Im grateful for the article post.Really thank you! Fantastic.
A round of applause for your blog post. Will read on...
DZo8Da Muchos Gracias for your post.Really looking forward to read more. Will read on...
eZ62yv Thank you for your post.Really looking forward to read more. Really Great.
5iUuAS A round of applause for your blog article.Really looking forward to read more. Keep writing.
1NI578 I cannot thank you enough for the blog article.Really thank you! Awesome.
8lpddk Say, you got a nice article.Thanks Again. Keep writing.
RUM0ph I cannot thank you enough for the blog.Much thanks again. Fantastic.
MEJ2bo Thanks so much for the article post.Really thank you!
A4jqYf I loved your blog post. Much obliged.
8HU4rX Im thankful for the article post.Really thank you! Cool.
1sbTcA Thanks so much for the blog post.
eVjFyB A round of applause for your post.Really looking forward to read more. Fantastic.
80yc9d Really appreciate you sharing this blog.Really looking forward to read more. Want more.
M1UmQ3 Thank you ever so for you post.Thanks Again. Will read on...
Pva4c4 Say, you got a nice blog article. Keep writing.
Jh5eh6 I loved your article.Really thank you! Will read on...
6GqJoN Thanks for the post.Much thanks again. Keep writing.
Оставить комментарий