Көп сыр бар көңіліңде..

05.08.2013, 13:05

*Айтып-айтпай не керек?!

 

КӨП СЫР БАР КӨҢІЛІҢДЕ..

 

Уақыт сынды құдіреттік құбылысқа біз де ұялмай қайран қалып қояйық. Өзімізден бұрын «Мерекеңмен, мендік мұң» деп сөзімізді жолдап, іле екі ай өтпей қатегері ретінде табалдырығын аттау бақыты бұйырған «Астана ақшамында» жүргеніміз бес жылдың жонын қарайтыпты. Енжарлана «естелік емуден» бойымыз аулақ. Ниетіміз  әріптестер әлемін кезекті маусымжан мейрамымен құттықтау ғана.

***

Қанығам. Қанығам да қызығам. ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың тек әдебиеті емес, журналистикасының да алтын дәуірі өтіп кеткендей көріне береді.

Өз басым бүгінгі баспасөзден үнемі сол жылдар тігінділеріндегі ақпа-төкпе, жанр-жанры нық жарияланымдарды көруді аңсаймын. Өйткені олардың көбінде тазалық табы айқын. Бүлінбеген. Бұзылмаған. Сынаса, сыны шынайы. Бақай есеп, мүлгімес «мүддеден» ада. Мақтаса, мадағы орынды. Авторлар да  шетінен ақын, шетінен жазушы. Алайда бүгінгі жас ақынның кейбіріне мақала жазу  бүліну не төмендеу, әлде талайынан безу. Тіпті адасып жүргендер ме ойлап қалатынымыз рас.

Мұқағалидың «Жанарсыз адам келеді» деген ғажайып өлеңі жадымызда. «Іздейді көзін басынан, іздейді көзін аяқтан,

Іздейді көзін қолынан, іздейді көзін таяқтан» деген жолдарынан кейде өзіңді көргендей боласың. Жанарсыз адам көзін іздесе, сен алды алпыстан асқан, арты қырықтың о жақ-бұ жағындағы жазарманның кеңкөсілме стиліне зарсың. Обалы не керек, ол ағатайларымыздың қаламы әлі суый қойған жоқ. Әңгіме  жалпылама үңілсек, біздің буындастар жарыта алмай жүргенімізде... Яғни, қоғам келбеті өзгерген тұста төл журналистикамызды кездейсоқтың қолшоқпарына айналатындай үрдіске жол берілгені өте өкінішті.

***

Ілкідегі  ойымызды сауатты журнализмнің көсемсөзден бөлініп шығуына қарсылық деп қалмағайсыз. Ағаларымыз айтпақшы, басындағы бір, соңындағы бір абзацын оқымай-ақ қысқартып тастауға «лайық» журналистиканы жақтамасымызды, жақтырмасымызды өзіңіз біліп отырсыз ғой.

***

«Марқұм» деуге аузым қимас әкем мектеп бітіруім таянған тұста мұнайшы мамандығын таңдауға аз-кем қолқалап көрген. Қасарыса-жібімей, алған бағыттан айнымадым. Әкені бала болып тыңдамаған жерім  осы. Қазір қарасам, күнтізбе одан бері тағы он рет жаңарды. Тілекқабыл-әке бір кезде мұнайшы елестеткен қараторы ұлды телеарна хабарларына, газет жазбаларына қатысуға жиілетіп шақыратынды шығарды. Рахмет! Тіпті биылғы төл мереке алдында «Ең жас редактор ретінде сұхбат беруіңіз керек» деп, газеттік тілші қарындас он сұрақ жолдапты. «Шошып» кеттік. Жынға тигендей жылтыңдай беруді көңіл шіркін хош көрмейді. «Ағаларыңнан ұят болмасын» дейтіні шығар: Уақыты келер - бұйырғаны болар. Бәлкім, кісімсінген қоғамның кісінеген кесірлісіндей көрінуден сақтандырады. Бәлкім...

***

«Көкесіз өсу мүмкін бе?». Бұл  газетіміздің бірер ай турасындағы нөмірінде жарияланған мақала тақырыбы. Қателеспесем, қос алақандай-ақ дүние. Материалды интернеттегі сайтымыздан оқыған жазғыштайлардың бірі «Жоғарыдағы сұрақты «Астана ақшамы» бас редакторының өзінен сұрау керек» деген пікір қалдырған көрінеді. Жөн-ақ. Көкейін тесіп бара жатса, сұрасын. Біле жүрсін, көп білген артық етпейтінін ішіміз сезеді. Ұқпағаным: неге мен жауап беруім керек? Жауаптан қашпаймыз, әрине, тікелей қатысы болса. Жарайды, әуелгіде күлкім, кейін жыным келді.

Күлкімді келтіргені: менің кекілімнен кімнің алақанының желпуін кім көріпті? Көре қалғанның өзінде шатағы қанша?! Жалғыздықтан жаның жаңқаланып 14-қабат терезесінен телміре-сүзіле, ой буған қиялшыл қалпыңда әлгіндей сұрақшылармен «сырласқың» келеді. Көзге көріне қоя ма?

Жынымды келтіргені: бір газет редакциясының орынтағына отырғанды «өсіп кетуге» баласа, менің халқым жуық арада жетісе қояр ма екен?! ...деген ұлттық санаға сілкініс сұрайтын сол баяғы суық ойды қайта қозғайды.

***

Айтпақшы... Рас, менің көкелерім көп. Бәрін ұстаз тұтам. Танысын да. Жүзтанысын да. Бейтанысын да. Осынау ойсымақтарымызды күнделікке шиырлай жүргендегі көздегеніміз де сол аға, көкелерімді төл мерекесімен құттықтау еді. Уақытыңызды алғандай әсер қалдырсам, кешірім өтінем.

Алғаш көргеннен ниеттес;

- кейбірі әлі күнге жанымдағы;

- кейбірінің пейілі алыстығын аңғартпас;

- кейбірімен ілкі күндері ізетіміз жарасуынан үмітім зор рухани ағаларымнан айналайын! Өз таңдайыма «аға» деген асыл сөз небір теңдессіз «-евич», «-ович»-терден әлдеқайда жұмсақ ұялайды. Сол көрікті ұғым ауыздан шыққанда адыра қалмауына, ғұмыр жолымызда талақ қып алмауымызға қатты алаңдаймыз... Мерекелі, мерейлі күндеріңіз молынан жазылсын, қымбаттарым менің!

 

Ерболат ҚАМЕН

  • Tweet

Пікірлер (13)

  • That's a slick answer to a chginelalng question

  • None can doubt the veacirty of this article.

  • Your hosetny is like a beacon http://dvznjbyjbor.com [url=http://dnsetidvsx.com]dnsetidvsx[/url] [link=http://tiufzl.com]tiufzl[/link]

  • That's a sharp way of thinnikg about it.

  • Thkining like that is really amazing http://roeiitkrz.com [url=http://nsixfbfqyio.com]nsixfbfqyio[/url] [link=http://hywvpyehul.com]hywvpyehul[/link]

  • To think, I was cosnefud a minute ago.

  • Ho ho, who woudla thunk it, right? http://gwjutcm.com [url=http://bowinww.com]bowinww[/url] [link=http://wmjoxtwxbc.com]wmjoxtwxbc[/link]

  • All of my questions se-haedtttlnks!

  • Play inimoratfve for me, Mr. internet writer. http://mnlltttb.com [url=http://bzwdzw.com]bzwdzw[/url] [link=http://guzmmuwxcuy.com]guzmmuwxcuy[/link]

  • There are no levitra heliomeds.com describe words is. insurance bestlifeinsurpolicy.com to health insurance cheap comparehealthinsur.com health insurance online quotes how this bodacious

  • Lot of smarts compare life insurance bestlifeinsurpolicy.com afforsable health insurance comparehealthinsur.com individual health insurance that in heliomeds.com posting!

  • M. QuotesChimp cost of motor vehicle insurance is excessive. It is known by customers. It is known by political Leaders. The insurance business understands this, also. Actually, because around 1986, automobile insurance rates have improved at greater than four occasions the price of inflation, with also greater quantities of growth in a few states.

  • A mericans are in love with their cars, but Quotes Chimp sure don't love their auto insurance. Unfortunately, the joys of owning a car are often diminished by the realities of auto insurance. Or, to put it more graphically, auto insurance is to cars what buffalo chips are to bison.